Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бес жыл да бір рет": Ләйлә Сұлтанқызы төркінге бармайтын қыздар туралы айтты

Танымал жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жеке парақшасына жазба жариялап, төркін туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жүргізуші келінді төркініне жыл толмай жібермейтін оңтүстік өңірінің қызы. 

“Соңғы рет қашан төркіндедіңіз?” деп stories-те сұрақ қойған едім, 987 келіншек жауап жазыпты. 
Арасында “5-6 жылда бір барамын, мына тұрған жерге жібермейді” дегендер де бар. Дәстүр бойынша, бұрынырақта үйленгендеріне жыл толған соң ғана келіншек өскен үйіне қыдырып баратын. Әпке-сіңлісімен жақындарының үйін аралап, сәлемдемесін таратқан. Қыздың назы бар деп, төркіні қызына қалаған затын беріп, еркелетіп, құрметпен кейін қайын жұртына шығарып салған.
Бірақ қазір заман басқа. “Жыл қашан толады?” деп күтіп отырмайды-ау. Тек сәті түссе болды”, – дейді тележүргізуші.

Айтуынша, өзі де алғаш тұрмысқа шыққан жылдары жиі барыпты. 🫢

“Мен өзім де 30-ға таяған шағымда тұрмысқа шығып, 2-3 айдан кейін өз жұртым Қайрекеңді шайға шақырған. Сол кезде сағынып барғаным бар. Екі жақта алыс-беріс болып, құдаларға, күйеуге есік көрсетті. Тағы да есімде анық қалғаны, өз әжемнің төркіндегені. Қартайған шағында өз туыстарының үйіне барып, біраз уақыт жатқан”, – деп еске алды Ләйлә. 

Желі қолданушылары бес жылда бір рет баратын қыздарды аяп жатыр. “Жүрегі мықты қыздар екен”, “Бауыржан Момышұлы қыздарды батырға теңеп жақсы айтқан”, “Келін болғасын төркінге көп бара бермеймін” деп пікірлерін жазып жатыр. Енді бірі “төркіні жақынның төсегі жиылмайды” деген сөз бар, ұзатылып кеткен қыз төркінге келмеуі керек дейді. “80-ге келген әжем әлі күнге дейін төркініне барып қыдырады” дейді енді бірі.  
 

Талқылау