Бес сағатта 15 млн теңге тапты: Қазақстандық журналист халыққа тыныс алу аппараттарын алып бермек
Қазақстандық журналист, блогер Дәулет Төлеутайұлы науқастарға тыныс алу аппараттарын сыйламақ. Өзі мен аудиториясы жинаған қаражатқа 63 аппарат алып, әр өңірге таратуды жоспарлап отыр.
Дәулет Төлеутайұлы небәрі 5 сағатта 15 млн теңге қаржы жинады. Ол ақшаға науқастарға аппарат алмақ. Бұл туралы журналистің өзі желіде хабарлады. Бастапқыда 50 аппарат алуды жоспарлағанымен, енді 63 аппаратқа ақша жиналғанын айтты.
"Халыққа отшашу емес, оттегі керек" дейді ол. Журналистің өтінішіне немқұрайлы қарағаман оқырмандары қаражат аударып, бірер сағаттың ішінде қомақты қаражат жиналды.
"Аппарат жеке адамға берілмейді. Әр аймаққа жіберіледі. Реніш болмасын", - деп жазды ол.
Аппараттар төменде көрсетілген мекен-жайларға көмек ретінде жіберіледі.
1. Алматы 2. Нұр-Сұлтан 3. Шымкент 4. Ақтөбе 5. Қарағанды 6. Тараз 7. Павлодар 8. Өскемен 9. Семей 10. Атырау 11. Қостанай 12. Қызылорда 13. Орал 14. Петропавл 15. Ақтау 16. Теміртау 17. Түркістан 18. Талдықорған 19. Көкшетау 20. Екібастұз 21. Рудный 22. Жезқазған 23. Жаңаөзен 24. Балқаш 25. Кентау 26. Қаскелең 27. Сәтпаев 28. Құлсары 29. Риддер 30. Щучинск 31. Степногор 32. Қапшағай 33. Арыс 34. Саран 35. Талғар 36. Жаркент 37. Ақсу 38. Байқоңыр 39. Аягөз 40. Шахтинск 41. Шу 42. Алтай 43. Лисаков 44. Қандыағаш 45. Ақсай 46. Жітіқара 47. Арал 48. Есік 49. Сарыағаш 50. Текелі (32000 халқы бар)

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
