Бес боксшы қызымыз ӘЧ-ның жартылай финалына өтті
Үндістанның Гувахати қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалистер анықталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
Осылайша, қандай елдер, қанша медаль иеленетіні бүгіннің өзінде белгілі. Атап айтқанда, Үндістан – 7, Ресей – 6, Қазақстан – 5, Қытай, Англия, Ирландия, Жапония, АҚШ, Түркия – 2 медальдан, Австралия, Тайбэй, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Польша, Таиланд, Украина және Вьетнам бір-бір медаль еншілейді.
Қазақстанның 10 спортшысының бесеуі жартылай финалға өтті. Атап айтқанда, 24 қараша күні қазақстандық Жансая Әбдірайымова (51) ринг иесі Джиотиге қарсы шығады, сондай-ақ Дина Исламбекова (+81) үндістандық тағы бір спортшы Неха Ядавпен қолғап түйістіреді. 25 қараша күні Жазира Орақбаева (48), Жансая Балтабекова (60) және Арайлым Бекділдә (81) рингке шығатын болады.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік келіншек қос ұлы сал болып туған соң, отбасын тастап кеткен
Оңтүстіктегі мұнай ұрлығына лауазымды шенеуніктердің қатысы болуы мүмкін
Полиция Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алды
Астанада латын әліпбиін үйрететін орталыққа оқушылардан бастап зейнеткерлерге дейін келіп жатыр

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
