Бес баласы бар қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бес баласы бар боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әйгерім Сәттібаева Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда филиппиндік Офелия Маньомен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Енді Сәттібаева 7 желтоқсанда өзбекстандық Фарзона Фазиловамен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева – бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы және 2010 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ол ұзақ үзілістен соң 2023 жылы боксқа оралған еді. Әйгерімнің жұбайы – бокстан Рио Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев. Ерлі-зайыпты бүгінде 5 бала тәрбиелеп отыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

