Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бес бала тусаң, үйленемін": Динара Сұлтан күйеуі қандай талап қойғанын айтты

Динара Сұлтан күйеуі өзіне қандай шарт қойғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Динара Сұлтан күйеуі екеуі үйленген кезде жарының өзіне қандай талап қойғанын айтты. Әйелі 30 жасқа толғанша 5 балалы болғысы келетінін айтқан Динара Сұлтанның күйеуінің арманы орындалып, әнші тәртіпке бағынған. Осылайшы армандар ақиқатқа айналыпты.

"10 жыл бұрын жолдасым маған қалжыңдап бір нәрсе айтқан. "Егер сен маған 30 жасыңа дейін 5 бала тауып берсең, сол кезде ғана үйленемін" деді. Мен әрине күліп, ішімнен есі дұрыс па деп ойлап қалғанмын. Ол кезде шетелде тұрдық, жұмыс, қол тимейді деп айта алмайсың. Ең бастысы әйел отбасын өз қолына алу керек деп, тек қана жанұяма көңіл бөлдім. 5 жыл бойы шығармашылықпен айналыспадым", - дейді Динара Сұлтан.

Бастапқыда күйеуінің қалауын орындау мүмкін емес деп ойлаған өнер иесі артынша бұл қалжың туралы ұмытып кетеді. Шетелде 4 баласын өмірге әкелген ол, бесінші баласы туыларда ғана бұл қалжың есіне түскенін айтып берді.

"Жолдасым ұл болғанын қалады. Мен де сүйгеніме ұл сыйлағым келді. Әртүрлі жолдарын іздестірдім, төртінші бала дүниеге келді. Қой, Қазақстанға қайтайық деп көшіп келдік. Ол кезде ұлымыз бір жасқа толған еді",- деп есіне алды әнші.

Динара Сұлтан 30 жасына дейін 5 бала туып, күйеуінің үйленейік деген сөзін естіп, осындай шешімге бел буғанын айтып берді. Өнер иесі неге үйлену тойын енді жасағанын осылайша түсіндірген. 

"Содан кейін Алланың қалауымен бесінші баламды дүниеге әкелдім. Ұлымыз бір жасқа толарда жолдасым "Есіңде ме мен саған бес бала тапсаң, үйленемін дегем. Біздің қыздар серьезный қыздар екен. Үйленейік" деді. Шыны керек мен ол қалжыңды ұмытып та кеткем", - деп ағынан жарылды Динара Сұлтан. 

STAN.KZ
Жұма, 19 Шілде, 2019 08:33
Талқылау