"Берік Уәли әкім болды": Ақорда ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Ақорда Берік Уәли Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіде Тоқаевтың баспасөз хатшысы жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Еске салсақ, мемлекет басшысы өзінің жолдауында Абай облысын құруды тапсырды. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысынан бөлінеді, Семей облыс орталығы болады.
Берік Уәлидің бұрынғы Семей облысының тумасы екені белгілі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”