Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Берген киімі шақ келмейді": Арыстық аналар оқушыларға тиесілі киімнің орнына қаржылай төлем жасауды талап етуде

Арыс қаласының көпбалалы аналары биліктен оқушыларға тиесілі киімнің орнына қаржылай төлем жасауды талап етуін тоқтатпай келеді. Өтемақы сұрауымызға себеп, былтырғы жылғы сапасы төмен, бастысы пішімі сай емес киімдердің жаппай таратылуы дейді. Одан бөлек, наурыз айынан бері балаларымыз үйде отыр дегендер ыстық тамақтың ақшасы да берілсе дейді. Алайда қала әкімі мен білім бөліміндегілер "орындалады" деген құрғақ уәдемен шығарып салады дейді шағым иелері.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арыстық Гүлзира Манабаева осыған дейін де бұл мәселені көтеріп, ноутбук пен компьютердің ақшасы қайтарылып, техника қайтарымсыз болса екен деген еді. Алайда сол жолы әкімдік алдына келген Гүлзираны полиция санитария ережелерін бұзды деп ұстап әкетіп, 83 мың теңге айыппұл салған.

Енді ол өзге де аналармен бірге білім басқармасының алдына келді. Олар оқушыларға берілетін сапасыз киімнің орнына ақшасын берсін деген талап қойды. Жиналғандар ауданнан қайыр болмаған соң, облыстық білім басқармасының алдына келген, тіпті облыс әкімдігін алдына барғандарын айтты. Алайда уәде етілген техникадан да, жәрдемақыдан да хабар болмағанын айтты.

"Біз осылай өзіміздің жәрдемақымызды талап еткенге бізге айыппұл салып отыр. Аналар Арыс қаласының әкіміне, оның орынбасарына өкпеліміз. Карантин бойы осылай жүрміз", - деді көпбалалы ана Гүлзира Манабаева.

Аналар киімге жұмсалатын ақшаны қолымызға берсін деген талаптарын жеткізді. Олар алған ақшаға мөлшерін сәйкестендіріп, базардан сатып алмақшы.

"Киімді береді, бірақ біреу дәу, біреуі қысқа, е анаған сыймайды, е мынаған сыймайды. 52 өлшемді берді оқушы қыздарға. Қыздарға берді қызғылт спорттық киім, кішкентай. Ол 4-5 жасар балаңға әрең сыяды", - деді көпбалалы ана Гүлжаһан Түймелиева.

Білім бөліміндегілер демеушілер есебінен шағымданғандарға ең алдымен қаржылай көмек берілгенін айтты. Ал әр оқушы үшін бөлінген 25 мың теңгенің 20 мың теңгесі киім-кешекке, ал қалған 5 мың теңгесі оқу құрал-жабдықтары үшін дейді.

"Бұл тендермен ойналатын нәрсе. Бізде қазір 1730 бала осындай көмекке мұқтаж. Нақты фактілер бар. Сондықтан қазір бұл кісілердің сұрап отырған қаржылай көмегі заңға қайшы", - деді Арыс қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әшімхан Момбеков.

Асхана жабық, сабақ онлайн, бірақ үкіметтің қаулысына сәйкес ыстық тамақ пен киім үшін тағайындалған ақша қолма-қол берілмейді. Сондықтан, ақшаны ата-ана қолына ұстату заңға қайшы деді әкімдік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр