AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғындар шаһарды өз қалауларына сай өзгертеді": "Берекелі бастама" жобасы Хромтау қаласын қалай дамытуда?

Хромтау қаласында 2020 жылдан бері “Берекелі бастама” жобасы қолға алынған. Бағдарлама өңір тұрғындарының қоғамдық инфрақұрылымның дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді. Осылайша шаһарға не қажет екенін әкімдік қала тұрғындарымен бірлесе отырып, жобаларды жүзеге асырады.  

“Берекелі бастама” жобасының арқасында 27 мың халқы бар Хромтауда тұрғындар  моноқалаға қажетті қандай инфрақұрылым бой көтеретінін өздері анықтайды. Қалалықтар алдымен өздерінің идеяларын ұсынады. Кейін оның сырт құрылысы жоспарланып, дауыс беру арқылы үздіктерін анықтайды. Озық жобалар онлайн дауыс беру арқылы анықталған соң, мердігер ұйым оны іске асыруға қаражат бөледі.

Хромтау қаласындағы жоба орталығының басшысы Нұрлан Хасанов бағдарлама 2020 жылы бастау алғанын сөз етті. Ол "Берекелі бастама" жобасының шарты бойынша ұсынылған әр жобаның құны 5 млн теңгеден аспауы керектігін алға тартады. Ал нысандардың орналасатын жерін тұрғындардың өздері анықтайды. 

“Былтыр жоба “Қатысу бюджеті” деп аталған. Биыл “Берекелі бастама” деп өзгертілді. Жыл сайын дәстүрлі түрде ERG компаниясы мен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылады. Меморандумның ішінде осы жобаны қаржыландыру қарастырылған. 2020 жылы ERG компаниясы бастаманы жүзеге асыру үшін 50 миллион теңге бөлген болатын. Қандай бағдарлама жасау керектігін қала тұрғындары өздері ұсынады. Биыл жобаға 60 миллион теңге ақша бөлінді. Дөң тау-кен байыту комбинаты Хромтау қаласында орналасқаннан кейін осы қаланы көркейтуге, абаттандыруға қаражат тағайындап отыр. Компанияның негізгі жұмысшылары да осы өңірдің халқы болып есептеледі”, – дейді жоба басшысы. 

Нұрлан Хасанов жобаға тек 18 жасқа толған Хромтау қаласының тұрғындары қатыса алатынын айтады.  

“2020 жылы 45 бастама ұсынылды. Соның 17-сі дауыс беру сатысына өтті. Қала тұрғындары арнайы жасалған портал арқылы онлайн режимде жобаларға дауыс берді. 17 бастаманың 13-і дауыс беру арқылы жеңімпаз атанды. 13 жеңімпаздың 10 жобасын ERG компаниясы қаржыландырады, ал қалған 3 бағдарламаға аудандық әкімдік ақша бөледі.  2020 жылғы жобалар 2021 жылы, яғни биыл іске асырылуда. Таңдап алынған 13 бастаманың бүгінгі таңда 4-еуі толық аяқталды. Балалар ойын алаңы мен стритбол алаңы салынып, ауланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ автобус аялдамасы бой көтерді”, – дейді ол. 

Айтуынша, Хромауда бүгінгі таңда алты балалар ойын алаңы, көлік тұрағы, қоғамдық аллея, мектептің жүгіру алаңына асфальт төсеу, теннис столдарын қондыру жобалары жүзеге асырылып жатыр. Барлық бастама қазан айының соңына дейін бітуі керек. Бұған қоса, ол “Берекелі бастама” бағдарламасы тек Хромтауда ғана емес, биылдан бастап Ақсу және Рудный қалаларында да қолға алынғанын хабарлады. 

“Жобаны іске асыру үшін аудан әкімдігінің бекіткен ережесі бар. Ол жерде жобаның қалай жүргізілетіні, қалай іске асатыны, таңдаулар қалай жасалуы керектігі, қандай бағытта бағдарламалар ұсынылатыны айқындалады. Көрсетілген 16 типология бойынша, яғни көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру, көлік тұрағы, автобус аялдамасы, балалар ойын алаңы, спорт алаңы бағытында қала тұрғындары ұсыныс жасайды. Ол ұсыныстар аудан орталығына түседі. Біз олардың ереже мен заңға сай екендігін анықтап, ары қарай авторлармен консультациялық жұмыс жүргіземіз”, – дейді ол. 

Жоба жетекшісінің айтуынша,  2021 жылдың 5 сәуір мен 5 мамыр аралығында қала тұрғындары өздерінің 71 жобасын ұсынған. Оның ішінен сарапшылар 27-сін іріктеп алған. 

“19 шілде мен 18 тамыз аралығында қала тұрғындары онлайн дауыс берді. 27 жоба арнайы ашылған порталға салынды. Бастамалар туралы толық мәлімет жазылып, қала халқы онлайн дауыс берді. Таңдау жасар алдында тұрғын ЖСН-ін жазу керек. Бір рет дауыс берген адам, екінші рет дауыс бере алмайды. Нәтижесінде биыл да 13 жоба жеңімпаз атанып отыр. Оның он бірін ERG компаниясы қаржыландырады. Ал екі жобаға аудандық әкімдік жергілікті бюджеттен 12 миллион теңге ақша бөлетін болады. Тиісінше, 2021 жылғы таңдап алынған бастамалар 2022 жылы жүзеге асырылатын болады”, – дейді Хасанов.    

2021 жылы қала халқының 2429-ы өздеріне ұнаған жобаға дауыс берген. 

“Өткен жылы 1111 адам қатысқан. Бұндай бастамалар, сондай-ақ Нью-Йорктің 5 ауданында, Ақтөбе қаласында, Степногорск, Лисаковск, Сарань, Алматы, Сахалинск, Нұр-Сұлтанның Сарыарқа ауданында ұйымдастырылған. Осы қалалар ішінде дауыс беру нәтижесі бойынша Хромтау қаласы 9,1%-бен алға шығып тұр”, – дейді Нұрлан Хасанов. 

Салима Князбаева жобаға екі жыл қатарынан қатысып, өз идеяларын ұсынған. Жоба туралы Instagram желісінен естідім деген ол қала дамуына өз үлесін қосқанына дән риза. 

“Бірінші рет 2020 жылы өткізілгенде екі идея ұсындым. Екі бастамам да жеңіп шығып, осы жылы олар жүзеге асырылды. Тәжірибе жинақтап алған соң, биыл да қатысуға шешім қабылдап, бір жоба ұсындым. Ол идея да үздіктердің қатарынан көрініп, 2022 жылы іске асырылмақ”, – дейді ол. 

Жоба қатысушысы 2020 жылы “балалар алаңын жаңарту” және “аулаларды  жарықтандыру” идеялар ұсынған. Қазіргі таңда екеуі де іске асырылып, қолданысқа беріліпті. 

“2021 жылы  үйдің жанындағы жолға екі жылдамдық бәсеңдеткіш салуды ұсынғанмын. Әсіресе ауланың оң жағындағы жолдан жүргізушілер қатты жылдамдықпен жүреді. Бұл велосипед, самокатпен жүретін балалар үшін қауіпті болып тұр. Сонымен қатар өзім тұратын көшеге көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге идея тастадым. Жалпы мен тұратын аумақ реконструкциялық жөндеуден өткен, қаладағы маңызды көше болып саналады. Бірақ ешқандай жасыл-желек жоқ. Сол себепті осы бастаманы көтеріп отырмын”, – дейді Князбаева. 

Оның айтуынша, жоба онлайн түрде өткізілген. Сол себепті барлығына ыңғайлы болды дейді. 

“Ешқайда бармай, жиналмай-ақ телефон арқылы видеомен жиналыс жасап отырдық. Cол жерде бізге жоба туралы барлығын түсіндіріп берді. Сметалық құжаттарды қалай дайындайтынын, коммерциялық ұсыныстарды қалай жинау керегін үйретті. Жоба ережесі бойынша әр бастамаға 5 миллион теңгеден қаржы жиналуы керек. Осы бойынша біз жобаны іске асыратын коммерциялық компаниялардың ұсынысын қарадық. Солардың арасынан ең арзанын тауып, сметалық құжатқа қостық”, – дейді жоба қатысушысы. 

Салима жоба аяқталғаннан кейін өздерінің баға беретінін айтады. Егер істелінген жұмыс ұнамаса құрылысты жасаған мердігерлер бағдарлама авторының қалауынша жасап беруі тиіс. 

“Ұсынысым жеңіп шыққанда қатты қуандым. Өйткені өте қиын жұмыс болды. Қаншама еңбек, қаншама уақыт кетті. Құжаттарды дайындау, мердігерлерді іздеу, сметаны жасау, команда іздеу оңайға түспеді. Онлайн дауыс беру кезінде тұрғындарға барып, жобаның маңыздылығын түсіндіріп бердік. Бірі тыңдаса, бірі уақытымды алмаңыз деп кетіп қалып жатты. Соған қарамастан өз көшем мен ауламдағы барлық адамға барып, бастамамды түсіндіріп бердім. Дауыс беру кезінде тұрғындар аты-жөнін, телефонын, ЖСН-ін енгізуі керек. Көбісі осы жерде өзі туралы мәліметтермен бөліскісі келмей жатады. Себебі алаяқтар көп. Қатысушыларға осы тұсы сәл ауыртпашылық тударды. Соған қарамастан жеңіп шықтым”, – дейді ол. 

Оған қоса, жоба қатысушысы келесі кезекте барлық Хромтау тұрғындарына және жоба өтіп жатқан басқа қаланың тұрғындарын белсенді болуға шақырды.

“Қазір менің бастамаммен салынған ауламыздағы жаңа балалар алаңында Хромтаудың барлық бүлдіршіні ойнап жүр деп айтсам болады. Солардың жүздеріндегі күлкіні көргенде еңбегімнің зая кетпегеніне қуанамын. Осыған ат салысқан ERG компаниясына алғысымды білдіремін. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік берді. Осындай компаниялар мен инвесторлардың көп болуын тілеймін. Өз-өздеріңізге сенімді болыңыздар, сіздердің жай ғана ұсыныстарыңыз қалаңыздың дамуына үлес қосуы мүмкін. Ештеңеден қорықпай, мақсаттарыңызға жетіңіздер”, – дейді Салима Князьбаева. 

Тағы бір жоба қатысушысы Аслан Байтюбетов жоба туралы таныстарынан естіген соң, қатысып көруге шешім қабылдағанын айтады. 

“Өзім белсенді адаммын. Барлық іс-шаралардан қалмай қатысып жүремін. Негізгі мақсатым өз қаламды дамыту болды. Шаһарымыздың одан сайын көркейгенін қаладым. Жалпы өзім Алматы, Нұр-Сұлтан секілді қалаларға жиі іс сапармен барамын. Өңірлердегі тұрғын үй аулаларының бәрінен балалар ойын алаңының барын байқадым. Осыдан соң қаламыздағы аулаларға неге балалар алаңын салмасқа деген ой келді. Біздің аулаларда қаңырап қалған көлікжайлар мен сарайлар көп. Олар шаһарымыздың өңін қашырып, ұсқынсыз етіп көрсетіп тұр. Осының орнына балалар алаңын салу туралы ұсыныс тастадым”, – дейді ол. 

Оның айтуынша, қатысу үрдісі қиынға тиген. Соған қарамастан азамат бастамаға қатысуға еш өкінбегенін жеткізді. 

“Тұрғындарға бәрін түсіндіріп, оларды дауыс беруге көндіру қиынға соқты. Бәрі келісе бермейді. Бізді қолдаған барлық қала тұрғындарына алғысымды айтқым келеді. Байқау әділ өтті. Ең басында дауыс жинау оңай болады деп ойладым. Дауыс беру кезеңі басталғанда өзімнің жобаны жеңетініме күмәнмен қарай бастадым. Бірақ таныстарымның, достарымның, ұйымдастырушылардың, мәселеге бей-жай қарамайтын тұрғындардың арқасында өз дегеніме жетіп, екінші орынға ие болдым. Өз уақыттарын бөлген барлық тұрғындарға алғысым шексіз. Жобаға қатысу маған өз елімнің азаматы ретінде қаланың жақсы жаққа дамуына үлес қосуға мүмкіндік берді”, – дейді Аслан Байтюбетов. 

Белсенді азамат “Берекелі бастама” жобасының одан әрі жалғаса бергенін, осы форматтағы бағдарламалардың көп болғанын қалайды. Осы арқылы тұрғындардың қала өміріне араласуға мүмкіндігі артып, жоба игілігін көре алады. 

Жоба тек жаңа нысандар салумен шектелмей, бірқатар инфрақұрылымдық түйткілдерді де шешуге септігін тигізген. Қаланың келешегін жарқын ету қамындағы бірлескен жұмыс қала тұрғындарын ұйыстырып, қала халқының күшін бір арнаға тоғыстырады. Шет елдерде бағдарлама қоғамдық қатысудың тиімді құралы деп танылды және әлемнің 2000-нан астам қалаларында қолданылған. 

Берекелі бастама жобасы биыл Рудный мен Ақсу қалаларында да қолға алынды. Онда Хромтаудағы оң тәжірибе негіз болады.   

ERG 17 жыл қатарынан Eurasian Resources Group өндірістік кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды мен Павлодар облыстарының әкімдіктерімен жыл сайын әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумдар жасасып келеді.

Eurasian Resources Group 2001-2020 жылдар аралығында осы өңірлерге құйған әлеуметтік инвестицияларының жалпы көлемі 280 млрд теңгеден асты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр