Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bereke Bank өз брендінің туған күнін атап өтуде! 

Бір жыл бұрын Bereke Bank жаңа бренд бағытын және жаңартылған стилін ұсынған болатын. Осыған орай, Банк өз клиенттері арасында 1 миллион теңгені және 720 000 бонусты ұтысқа салады! 

Қаңтар айының соңына дейін 48 адам өз шотына 15 000 бонус алады. Ал бас жүлдені - 1 000 000 теңгені ұтып алған жеңімпаздың есімі осы жылдың 18 желтоқсанында белгілі болады. 

Ұтыс ойынға қатысу үшін сізге:

  1. Bereke Bank картасын ашып, оны Bereke Bank қосымшасындағы "B-Bonus+" бағдарламасын қосу қажет; 
  2. 15 қарашадан 31 қаңтарға дейін 5 000 теңгеден басталатын сомаға сауда жасау керек. Акция туралы толығырақ ақпарат berekebank.kz сайтында берілген.

Жеңімпаздар кездейсоқ сандар рандомайзерінің көмегімен Bereke Bank Instagram аккаунтының тікелей эфирінде анықталады.

Банк өз брендінің туған күнін Ұлттық валюта күнінде атап өтуі символдық мән береді. Markswebb сарапшыларының пікірінше, биыл Bereke Bank мобильді қосымшасы ең үздік банктік қосымшалардың тізіміне енді. Ал, Similarweb сарапшылары Bereke Bank қосымшасын Google Play және App Store дүкендеріндегі банк секторының ең танымал мобильді қосымшаларының үштігіне енгізді.
Банк жеке тұлғалардың салымдары көлемінің серпінді өсімін көрсетуде және ЕДБ арасында  депозиттерінің өсімі бойынша рейтингтерде көш бастап тұр. Bereke Bank халық үшін де, бизнес үшін де, соның ішінде қаржылық емес қызметтер мен сыртқы экономикалық қызметтерін қоса алғанда, қызметтердің кең түрін ұсына отырып, әрбір клиентке ерекше қызметті ұсынуға ұмтылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Bereke Bank тарихында жаңа кезең басталды, Катарлық Lesha Bank LLC (Public) банктің жаңа акционері атанды. Bereke Bank қаржылық көрсеткіштері бойынша Қазақстанның ірі банктерінің қатарына кіреді және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесінің қатысушысы болып табылады. Bereke Bank тұрақты өсімді көрсетіп келеді және жаңа акционермен бірге нарықта өз позицияларын одан әрі нығайтуды жоспарлап отыр. 

Банк барлық клиенттеріне артқан сенімдері мен таңдауы үшін алғыс білдіреді! Бізбен бірге болғаныңызға рақмет! Бәрі Bereke-лі болады!

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия

Талқылау