Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке келді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев жаңа қызметке келді. Ол Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданының әкімінің орынбасары атанған, деп хабарлайды Stan.kz.

Жансұлтан Сапарбаев

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында жазды.

Еділовтің сөзінше, Жансұлтан Сапарбаев биылғы жылдың 14 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданының әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған. 

28 жастағы Жансұлтан Сапарбаев Гумилев атындағы ЕҰУ-ді тәмамдаған. Гуманитарлық ғылымдар саласында магистр дәрежесін иеленген.

2012-2014 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма басшысының кеңесшісінің хатшылар алқасын басқарған.

2016-2017 жылдары ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болған. 2017 жылы ұлттық экономика министрлігінде басшылық қызмет атқарған. 

Ол 2019 жылдың наурыз айына дейін елорданың «Сары-Арқа» ауданының әкімі аппаратының басшысы болған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр