Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев отырғызылған көшеттерді санауға тапсырма берді

Көшеттердің де сұрауы бар! Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орынбасарына былтыр отырғызылған ағаштарды санап шығуға тапсырма берді. Облыстық табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының есебінше көктемде еккен желектің 83 % өсіп шыққан,-деп жазды Еуразия арнасы.

сапарбай

Бірақ, аймақ басшысы бұған күмән келтіреді. Сондықтан,  күзде  отырғызған әрбір талдың қаншасы бүршік жарғанын есепке алуды тапсырды. Әсіресе, қалалық қоқыс маңындағыларды тексеру керектігін айтты.  Ол аумаққа былтыр 103 мың түп көшет отырғызылған. Жалпы, облыс бойынша 241 мың ағаш егілген. Оның 86 мыңы көктемде отырғызылыпты.

«Сексен пайызы гүлдеп, өсіп шыққанына күмәным бар! Анықтап, тексеру керек! Бірін қалдырмай тексеріңдер, әсіресе, қалалық қоқыстың маңында отырғызылғандарын қараңдар. 103 түп отырғыздық дедіңдер, су құймаса, өліп қалады ғой!» — Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Көшеттерді санап шығудан бөлек, Бердібек Сапарбаев ауаны ластайтын қоғамдық көліктерді жаңарту қажеттігін айтты. Әйтпесе, дизельді отынмен жүретін автобустар қоршаған ортаны ластап жатыр.

Газ жеткілікті, станциялардан таршылық жоқ. Сондықтан, тасымалмен айналысатын компаниялар мемлекеттік мекемелерден үлгі алып, газға көшуі керек деді. Бүгінде облыстағы  мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі автокөліктер толығымен газбен қозғалады. Ал, облыс бойынша, газ қондырғысын орнатқан көліктер 32 пайыз.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев қытай инвесторларына шүйлікті

Тұрғын: Сарыағашта ақша бермесең дәрігерлер қарамайды

Бангладештік “ағаш-адам” денесіндегі бездерден арылу үшін 16 операция өткерді (фото)

Баян Мақсатқызы: Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақпыз

Талқылау