Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев өрттен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсететінін мәлімдеді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылына барып, өрт кезінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

cc93a1af0b8d2851f95e99889da4d8ee_resize_w_830_h_465

Жұмыс сапары барысында әкім әуелі Қарабұтақ ауылына барып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Содан кейін Сұлукөлге барған әкім, өрт оқиғасына қатысты арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

“Өрттің себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, арнайы комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. Біз өз тарапымыздан барлық көмекті көрсетеміз, ешкім ескерусіз қалмайды”, – деді Сапарбаев.

Содан соң әкім Әйтеке би ауданының басшысы Мәлімет Ибрашевке барлық жағдайды бақылауда ұстауды, бұдан кейін мұндай төтенше оқиғаны қайталануына жол бермеуді тапсырды.

Еске салсақ, Сұлукөл ауылында даладағы өртті сөндіру кезінде ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов пен мектеп мұғалімі Жолдыбек Әбдісалимов көз жұмған еді. Ал ауыл тұрғындары болса ресми таратылған ақпараттардың көбісі шындыққа жанаса бермейді дейді. Айтуларынша егер жаңбыр жаумағанда бүкіл ауыл өртеніп кетуі мүмкін болған екен.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Головкин-Альварес жекпе-жегін тамашалады

Қарағандыда шенеунік кабинетте жиналыс жасап жатқан жерінен ұсталды

Тоқаев сенат төрағасы болып қайта сайланды

Саясаттан кеткен Қиынов енді бар өмірін немерелеріне арнамақ

Талқылау