Бердібек Сапарбаев 8 наурыз мерекесіне орай аналармен кездесті
Тараз қаласының "Анаға тағзым" орталығында "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың әйелдер қауымын салтанатты қабылдауы өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мерекелік шараға, жас ұрпақты тәрбиелеуде, сапалы білім беруде өзіндік үлесін қосып жүрген облыстың үздік оқытушылары, алтын алқа, күміс алқа төсбелгілерінің иегерлері мен түрлі сала өкілдері шақырылды.
Салтанатты қабылдауда, облыс әкімі Б.Сапарбаев мерекелік шараға қатысушы аналар мен қыз-келіншектерге жүрекжарды тілегін жеткізіп марапаттар мен гүл шоқтарын табыстады.
Атап айтқанда, "Тәуелсіздікке 30 жыл" мерейтойлық медалі, "Алтын алқа", "Күміс алқа" төсбелгілері және "Құрмет грамотасы", "Алғыс хаттарымен" марапаттады.
Өз кезегінде, салтанатты шараға қатысқан ақ жаулықты аналар облыста соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында, өңірімізде орын алған оң өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
