Бердібек Сапарбаев əке-шешесінің несиесі мойындарына ілінген жетім балаларға көмектесуге уəде берді
Үш бірдей бауырына əке де, шеше де болып жүрген Абай Жұмабаевтың қайырымды жандарға айтар алғысы шексіз. Абай осыған дейін басындағы қиын жағдайды айтып, БАҚ өкілдеріне хат жазған болатын.
Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.
Жігіт үш бірдей бауырын жалғыз бағып отыр. Анасы қайтыс болған, əкесі басқа отбасыға кеткен. Күндерін əрең көріп отырған жетім балаларға анасының алған несиесі “мұрагерлікке” қалған. Жігіт енді басындағы баспанасын беріп, банктегі қарызынан құтылмақ.
«2007 жылы үйдегі қажеттіліктерге анам несие алды. Кейін анам қайтыс болғаннан кейін ол ақша төленген жоқ. Əкеміз басқа отбасына кетіп, бізбен хабарласпайды. Банк анамыздан қалған 3,7 миллион теңгені бізге мұрагерлікке қалдыру үшін сотқа беріп жатыр. Өткен аптада соттың алғашқы отырысы өтті», — дейді Абай Жұмабаев.
Абайдың жағдайымен жергілікті билік те таныс. Облыс əкімі жетім балалардың жағдайымен танысып, көмек көрсетуге уəде берген.
«Бердібек Сапарбаев бұл мəселемен таныс. Ол кісі үйді банкке тастай бер деп ақылын айтты. Тұрып жатқан барак секілді үйіміз онсыз да құлайын деп тұр. Сол үйді банкке қалдырамыз. Жетім балалар ретінде əкімдікке өтініш жаздық. Облыс əкімі бір ай ішінде қарастыруға уəде берді. Құжаттарымызды тексеріп жатыр», — дейді Абай Жұмабаев.
Жетім балалар ертең банкке барып, тұрып жатқан үйлерін тапсыруға арыз жазады.
Оқи отырыңыз:
Алматыға көшіп келген америкалық азамат қаланың көрікті жерлерін көрсетті (видео)
Қазақстанның кәсіби боксшыларының алдағы жекпе-жектері жарияланды
Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек
Мына 7 ережені орындасаңыз, Қазақстандағы жолдар қауіпсіз болады