Бензин тапшылығын тартқан қостанайлықар енді газ таппай жүр
Қостанай облысының әкімдігі өңірде сұйытылған газдың тапшылығы туындауына не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: aikyn.kz
"Осы жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін газ желілері ұйымы 2310 тонна газ сатып алмаған. Оған себеп - зауыттың алыстығына және газ желісі ұйымдарының қаржылық қиындықтарына байланысты төмен рентабельділік. Бұл жағдай резервтегі қалдыққа айтарлықтай ықпал етті, сұйытылған газ жинақталмай беріліп жатыр", - деп түсіндірді әкімдіктің энергетика және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы.
Сондай-ақ сұйытылған газ тапшылығына цистерналарды теміржол көлігімен ұзақ уақыт жеткізу және жазғы кезеңде, оның ішінде "Қарталы-Рудный" магистральдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұтынудың артуы ықпал етіп жатыр.
"Жергілікті атқарушы органдар шілдеде 504 көлемінде, тамызға 1000 тонна газ көлемінде қосымша бөліп, шаралар қолданып жатыр", - деп мәлім етті ведомство.
Бұған дейін өңірде АИ-95 бензині талонмен сатылып жатқаны хабарланған болатын.
Облыстағы жанармай құю станциялары операторлары жеткізушілермен 1,3 мың тонна көлемінде АИ-95 маркалы бензинді жөнелтуге келісімшарттар жасасқаны мәлім болды, оның бір бөлігі "Petro Retail"ЖШС-не жіберіледі.