Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белсенділер Балқаш көлінің кәріз суымен ластанып жатқанын мәлімдеді

Балқаш жағалауында жанжал шықты. Шашубай ауылының тұрғындары көлге кәріз суының қосылатынын мәлімдеді. Экологиялық жанжалдан кейін көл жағалауына белсенділер, компания басшылығы мен тұрғындар жиналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

балқаш

"Бұл – "Балқаш су" компаниясының директоры. Мынау таза су ма? Егер таза болса, қолыңыз бен бетіңізді жуып көріңізші. Сынама алынды, таза деп айттыңыз ғой. Балқашқа қош келдіңіздер, қонақтар!", - деді белсенділердің бірі. 

Балқаш көліне аққан сарғыш түсті су ауыл тұрғындарын бұрыннан мазалатып келеді. Судан жағымсыз иіс те шығады. Сөздерінше, бұған қаладағы кәріз суы жиналатын алып шұңқыр себеп екен. Белсенділер қыс мезгілінде қатып қалған сарғыш дақтарды байқаған екен. Кейін арнайы комиссия келген. Алайда көлден қауіпті заттар анықталмапты. 

"Тексеріс тоғанда жиналған кәріз суының көлге қосылмағанын көрсетті. Қазіргі таңда Балқаш көліне кәріз суының қосылу қауіпі жоқ. Қар мен мұздардың еруі сладарынан Балқашқа ағып жатқан судың көзін анықтау мүмкін емес", - деді Қарағанды облысы экология департаментінің Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік инспекторы Шолпан Өтебаева. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 29 Наурыз, 2022 07:29
Талқылау