“Араздық тудырған”: Белсенді Темірлан Еңсебек ұсталды
Qaznews24 қоғамдық сатиралық парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебектің үйінде тінту жүргізілгені айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Бұл туралы хабарлаған белсенділер оған Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалып жатқанын айтады.
Сондай-ақ Темірлан Еңсебекті Алматы қалалық ішкі істер басқармасына жеткізгенін хабарлады.
Астаналық белсенділер қоқыстан әкім орынбасарының портретін жасады
Кейбір ақпарат құралдары журналист Вадим Борейконың уақытша ұстау абақтысында жатқанын да жазды. Салтанат Әзірбек мұның жалған екенін, ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді басшылыққа алуға шақырамыз", – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда қоғам белсендісі прокуратура ғимаратында видео түсіргені үшін қамауға алынғанын жазғанбыз.