Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белсенді Әсия Төлесованы қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованы қамауға алу тағы 10 күнге ұзартылды. Алматы соты істің көлемін көрсете отырып осындай шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әсия Төлесова

Белсендіге екі бап бойынша айып тағылған: "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне қарсы күш қолдану". 

Құқық қорғаушы Евгений Жовтистің айтуынша, мұндай шара артық. Өйткені, тіпті ауыр қылмыс жасаған адамдар да үй қамауына немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілетіні белгілі.

"Оның жеке басы тіркелген, қайда тұратыны белгілі, ол ешқайда қашыр кетпейді. Демек, бұл жерде ешқандай негіз жоқ еді. Жалпы, оның ол жерге барғанда "қылмыстық әрекетін жалғастырып, полицейлерге тіл тигізіп, күш көрсетті" дегеннің өзі күлкілі", - деді Евгений Жовтис.

Еске салайық, белсенді Әсия Төлесоваға қарсы істі 6 маусымда өткен митингтен кейін қозғады. Екі күннен кейін оны тергеп, 10 күнге қамады. Оған заңсыз митингіге қатысып, кезекші полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды деген айып тағылды.

Белсенді бұл әрекетін тәртіп сақшыларының аяусыз адамдардың арнайы көлікке әкеткенімен түсіндірді. 

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 10:33
Талқылау