Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьте президент сайлауы өтетін күн белгілі болды

Беларусь Республикасындағы президент сайлауы 2025 жылдың 26 қаңтарында өтеді. Шешім 23 қазанда Минсктегі үкімет үйінің дөңгелек үстелінде өткен Палатаның екінші сессиясында қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Белта порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: URA.RU

Беларусь Ұлттық жиналысы өкілдер палатасының төрағасы Игорь Сергеенко алдағы президент сайлауы ел үшін аса маңызды қоғамдық-саяси оқиға екенін атап өтті. Ол сайлау нәтижелері әрбір азамат, қоғам және мемлекет үшін үлкен маңызға ие болатынын айтты.

"Президент сайлауы жаңартылған Конституция бойынша электоралды кампаниялар циклін аяқтайды. Келесі президент сайлауының нәтижелері әрбір азамат, қоғам және жалпы мемлекет үшін аса маңызды. Бұл кез келген елдің дамуындағы маңызды кезең, әрі мемлекеттің саяси жүйесінің беріктігін сынайтын уақыт. Дәл осы президент сайлауы алдағы жылдары Беларусьтің болашағын және оның одан әрі даму бағыттарын анықтайды", – деді Сергеенко.

Сонымен бірге ол Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес (97-бап), сайлау күнін өкілдер палатасы тағайындайтынын және бұл ұсынысты Орталық сайлау комиссиясы енгізгенін еске салды.

Қазіргі Беларусь президенті Александр Лукашенко 1994 жылдан бері осы лауазымды атқарып келеді.



Еске салайық, бұған дейін Алексей Навальныйдың жары алдағы уақытта Ресейге оралу жоспары барын айтты. Ол жолдасынан айырылғаннан кейінгі күйін, отанына оралған соң президенттікке үміткер болатынын жеткізді. 22 қазанда Алексей Навальныйдың "Патриот" кітабы 26 тілде жарық көреді. Бұл саясаткердің өмірбаяны мен оның 2021 жылдың қаңтарында Шереметьево әуежайында қамауға алынғаннан кейінгі өмірін қамтиды. Навальный күнделігін 2024 жылдың 16 ақпанында Харп ауылындағы полярлық колонияда қайтыс болғанға дейін жазған.  Ресейлік саясаткердің жары Юлия Навальная кітап жарық көрер қарсаңында ауқымды сұхбат берді.

Талқылау