Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы анасын іздейді: Екі әйел ДНҚ тестін тапсырды

Бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібектің биологиялық анасы болуы мүмкін екі әйел ДНҚ тестін тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Әлеуметтік желіде 2002 жылы Арқалық қаласында дүниеге келіп, екі жасында бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімді қазақ баласының биологиялық анасы мен әкесін іздеп Қазақстанға арнайы келгені туралы ақпарат пайда болды.

Жәнібек анасын іздеп, туған қаласы Арқалыққа да барып келген. 

Сонымен қатар Жәнібек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында биологиялық анасы болуы мүмкін екі әйел табылып, ДНҚ тестін тапсырғанын хабарлады. 

“Соңғы аптада мен Қазақстанның мегаполисі Алматыда болып қайттым. Республикалық арнада телебағдарламаға қатысып, көптеген жақсы жандармен таныстым. Бағдарлама барысында “менің анам болуы мүмкін деп болжанып отырған“ бір азаматшадан сынама алынды. Негізі, екі ДНК сынаманың нәтижесін күтудеміз, бұның алдында Қазақ радиосының “Бармысың, бауырым?” бағдарламасының көмегімен тағы бір азаматша ДНК сынама тапсырды”, – делінген жазбада. 

ДНҚ сынамалараның жауабын күтіп жүрген Жәнібек анасынан хабар алғанша іздеуді тоқтатпайтынын атап өтті. 

Талқылау