Бельгияда ұшқыш тікұшақтан парашютсіз секіріп кетті
Бельгиядағы Льеж провинциясында Agusta A-109 тікұшағының пилоты кабинадан парашютсіз секіріп кеткен. Тікұшақ ішіндегі екінші ұшқыш әуе транспортын аман-есен қондыра алған.
Тәжірибелі ұшқыштың мұндай қадамға баруы әйелімен ажырасу мәселесінен туындаған. Оның артында кішкентай қызы қалды. Әзірге пилоттың денесі табылған жоқ.
Істі зерттеумен Льеж прокуратурасы айналысып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)
Талқылау