Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бельгияда Александр Винокуровты бас бостандығынан айыруды сұрады

Бельгия прокуратурасы қазақстандық және ресейлік бұрынғы велошабандоздар Александр Винокуров пен Александр Колобневты жарты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бүгінде спортшыларға қатысты сыбайлас жемқорлық бойынша іс қаралып жатыр. Сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды.

Бельгияда Александр Винокуровты бас бостандығынан айыруды сұрады

Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Спортшылар 2010 жылы өткен «Льеж-Бастонь-Льеж» жарысында келісіп алған деп айыпталды.

10 қыркүйекте мемлекеттік айыптаушы оларды 6 айға бас бостандығынан айырып, Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке 50 мың еуро айыппұл салып, оның банктегі есепшотынан 150 мың еуро тәркілеуді сұрады.

Льеж соты үкімнің 8 қазанда шығатынын мәлімдеді. 

Бұған дейін БАҚ-та Винокуровтың ресейлік спортшыға мәреде берілгені үшін 150 мың еуро бергені туралы хабарланған еді. Алайда екі спортшы да аталған ақпаратты жоққа шығарды. 

Колобнев 2017 жылдың басында карьерасын тәмамдаған. Ал Винокуров бүгінгі таңда «Астана» велокомандасының бас менеджері болып табылады.

Айта кетсек, таяуда Александр Винокуров Францияда өткен Ironman әлем чемпионатының жеңімпазы атанған еді.

Талқылау