Бельгия азаматы қазақ тілін үш айда теледидар арқылы үйреніп алған
Инстаграм желісінде өзін Бельгиялық полиглот деп таныстырған Йохан Вандевалле есімді азамат қазақ тілін үш айдың ішінде үйреніп алғанын жазған.
Ол «Қазақстан» ұлттық арнасының бағдарламаларын үзбей көреді екен. Әсіресе журналист Нұрбигүл Сағындыққызының «Бірге таңдаймыз» бағдарламасын үзбей көреді екен.
Қазақ тілін не бәрі үш айдың ішінде үйренген азамат желіде тележүргізуші Нұрбигүлге алғысын жеткізді.
« Сәлем, қымбатты Нұрбигүл ханым. Мен бельгиялық полиглотпын. «Бірге таңдаймыз» бағдарламаңызды үш ай бойы тыңдау арқылы, қазақ тілін жақсы түсінетін дәрежеге жеттім. Сізге және барлық қонақтарыңызға көп-көп рақмет айтамын. Мен үшін қазақ тілінің мұғалімі болдыңыздар»,-деп жазды Йохан Вандевалле.
Тележүргізуші өз кезегінде желі қолданушысына толықтай электрондық пошта арқылы жауап беретінін айта отырып, оған Ұлттық арнаның өзге де бағдарламаларын көруге кеңес берді.
Бельгия азаматы өзіне сенбейтіндер үшін қосымша дәлелдер де ұсынды. Ол екі апта бұрын Түркістан мен Кентауда қазақ тілінде екі баяндама жасағанын айтады. Өз кезегінде Йохан Вандеваллеге жергілікті халық шапан жауып үлгерген.
Оқи отырыңыз:
Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді
Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру
Сүйіктісімен сүйісіп тұрғанын эфирден көрсеткен Айсәуле тағы да сынға ілікті