Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сұғанақтар аялдамадағы кітап сөресін тонап кетті

Белгісіз біреулер Астанадағы автобус аялдамасында тұрған кітаптар сөресін ұрлап кеткен.

2423775

“Достар! Өкінішке қарай аялдамадағы кітап сөресін ұрлап кетіпті. Өте қатты ренжіп отырмын”, – деп жазды Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктағы парақшасында.

Оның айтуынша аялдама Сарыарқа даңғылының бойында орналасқан екен.

18921901_723568261181304_6377535822058839411_nОның айтуынша аялдама Сарыарқа даңғылының бойында орналасқан екен

“Тұрғындар аялдамаға кітапты тегін тастап кете алады, бізде біраз кітап жеткізгенбіз. Бұл кітаптарды көп адам оқи алар еді”, – дейді ол. Бұған дейін Астана аялдамаларында электронды кітапханалар да пайда болған еді. Кез-келген адам кітапты электронды форматты QR-код арқылы алып оқи алады.

Ерекше аялдаманың қыста суықтан паналайтын жылы аялдамалардан айырмашылығы қалмаған.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да педофилдер 5 жастағы екі қызды зорлап кетті

«Бесеудің хаты». Мансұр Ғатаулин: Мен халқымның жауының жауымын!

Экономист: Пәтерді ипотекаға алғаннан жалға алған тиімді

Астана тұрғындары аспаннан “үлкен көзді” байқап қалды

Талқылау