Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы 28 панфиловшылар саябағындағы мемориалды қорлаған бұзақыларды іздеп жатыр

Алматыда 28 Гвариядияшыл-Панфиловшылар атындағы саябағындағы сарбаздардың аты жазылған 15 тақтайша бүлінген. Сонымен қатар саябақ орталығындағы триптихтегі бірнеше әріп жоғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Телеграм-арнасына сілтеме жасап.

саябақ

Саябаққа кірер тұста бірнеше әріп жоғалып кеткен. Сонымен қатар мәрмәр тақта сынған. Бұзақылар Мәңгілік алау маңындағы орталық мемориалдағы әріптерді де бүлдірген. 

Қазір полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

"Тергеу барысы Алматы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген полицейлер хабарламасында.

Ұрланған әріптер мен қираған граниттен келген шығынның жалпы сомасы 5,7 млн ​​теңгені құрады.

 

Назархан Уән
Сенбі, 05 Наурыз, 2022 13:01
Талқылау