AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгісіз біреу Шамалған ауылында атыс болып жатқаны туралы хабарлаған

Алматы облысында телефон арқылы Шамалған ауылында атыс болды деп жалған хабар берген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

тапанша

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Шамалған ауылында бір топ адамдардың атысып жатқаны туралы ақпарат 31 мамырда Қарасай ауданының полициясына келіп түскен.

Хабар алысымен полицияның жеке құрамы Шамалған ауылына аттанды. Алайда ақпарат жалған болып шыққан. Көп ұзамай полицейлер 36 жастағы жергілікті тұрғынның жалған ақпарат таратқанын анықтады.

Күдіктінің сөзінше, Шамалған ауылына бет алған ол бір топ адамның жиналып тұрғанын байқаған. Олардың тұрысы күдікті болып көрінген соң полицияға атыс туралы хабарлаған. Алайда полиция оның аса сақтығына сенбепті. Сондай-ақ ер адам ішімдік ішкен.

“Ұсталған ер адам “Әкімшілік құқық бұзушылық” туралы кодекстің 438-бабы, 1-бөлігі “Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру” бойынша жауап тартылады. Ер адамға қомақты сомада айыппұл салынады”, – деді полицейлер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр