Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі заңгер шетелдікке тұрмысқа шығатын қазақ қыздары үшін ондаған мың доллар сұрауды ұсынды

Қазақстандық белгілі заңгер Абзал Құспан қазақтың қаракөздерінің өзге ұлттың жетегінде кетіп жатқанына алаңдаушылық танытатынын ашып айтты. Ол шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздары үшін қалың мал талап етуді ұсынды.

Абзал Құспан

Бұл туралы Taza el.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өз сөзінде Абазл Құспан көршілес Түркімен мемлекетін мысалға келтірді.

«Мына  көрші  жатқан  түркімендер қыздарын өзге ұлт  өкілдеріне, яғни  шетелдіктерге тек қалың малын  төлеген соң ғана  береді.  Біраз  зерттеп  көрдім. Әрине, олар  заңды түрде «қалыңмал» деп  айтпайды. Бірақ  қыз бала балабақшада тәрбие  алды,  мектепте,  жоғарғы  оқу орнында тегін білім алды, тегін медициналық  көмек алды, тағы басқадай деп қосып  есептейді. Соның өзі ондаған мың долларға шығады екен. Дұрыс», – дейді заңгер.

Сонымен қатар ол еліміздің ертеңі болатын ұрпақты дүниеге әкелетін бойжеткендеріміздің шетелдіктердің қолынан ұстап кетіп жатқанын айтты. Өз кезегінде заңгер бұл жайтқа алаңдаушылық танытты.

«Ұлттың  келешегін  ойлау қаперлеріне кірмейді.  Осы  мәселені айналадағыларға  айтсаң, «Өзге  ұлттың  көңіліне  келер. Оқыс  жағдай  туып  кетер. Қазір  заман  басқа, қыз кімді  көңілі  қаласа,  сонымен  бірге  болғаны  жөн  ғой», –  деген  жалтақ уәж айтады. Бұл – қазақтың  болашағына  бейжай,  самарқау  қарау  деген  сөз.  Мұның  бәрін  біз айтпасақ,  кім айтады?  Қазақ  үшін  ойланатын  да,  тол­ғанатын да  мәселе  көп», – дейді Құспан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...