"Денем көгеріп қалды": Бұрынғы әйелі қазақстандық шоуменді қол көтерді деп айыптады
Белгілі шоумен, тележүргізуші Алан Черкасовты бұрынғы әйелі Анастасия Клещенко қол көтерді деп айыптады. Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, үстіндегі жарақаттар мен көгерген орындарды көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасының" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Анастасия Клещенко бұрынғы күйеуімен болған жанжалдан кейін видео жариялап, өзіне қол көтергені туралы мәлімдеген.
"Кеше менің бұрынғы күйеуім мені балағаттады. Бұл бірінші рет емес. Шыдамның да шегі болады. Мен оны шапалақпен ұрғым келген, бірақ ол бұрылып, бар күшімен ұрды. Нәтижесінде жарақаттар мен көгерген орындар қалды. Полицейлерді және жедел жәрдем шақырдым", - дейді Анастасия Клещенко.
Жанжал 6 жасар қыздарының көзінше болған дейді. Алан Черкасов баласымен серуендеп келген соң, бұрынғы жарымен ұрыс басталғанын айтады. Алайда шоуменнің сөзінше, Анастасия бірінші болып балағаттаған. Черкасов та әлеуметтік желіде видео жариялап, оқиға туралы айтып берді.
"Бала жанымызда болған жоқ. Ол жатын бөлмесінен мүлдем шыққан жоқ. Дәлізде ұрсысып қалдық, дауластық. Ал қол көтерген кезде біз кіреберісте болғанбыз. Иә, мен қол көтердім. Мойындаймын, жоққа шығармаймын. Жұдырықпен ұрғаным жоқ. Сені сабырға келтіру үшін шапалақпен ұрдым. Бұл артық болды және кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші.
Анастасия Клещенко оқиғаны бұлай жауып қоймайтынын айтады. Қазір полицияда аталмыш деректен кейін "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғалған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
