Белгілі музыкант Сержан Мұсайын даудың ортасында қалды
Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде жанжал шықты. Мұғалімдердің бірі жаңа директор - Қазақстандағы белгілі орындаушы және домбырашы Сержан Мұсайын - осы орындыққа өзінің түйіндемесіндегі мәліметтерді бұрмалап ие болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сәуле Жәутеева өзі 20 жыл қызмет еткен музыкалық колледждің келешегіне алаңдайтынын айтты. Директордың орны босаған кезде, ол да үміткерлер қатарында болған. Бірақ жазда бұл лауазымға белгілі орындаушы және домбырашы Сержан Мұсайын тағайындалды. Сәуле жаңа директорды бұл қызметке түйіндемесіндегі мәліметтерді бұрмалап ие болды дейді. Себебі үміткердің басшылық қызметте 1 жыл тәжірибесі болуы керек. Ал Сержан Мұсайын бұл талапқа сай келмейді екен.
"Бұл менің шамыма тиді. Өйткені бұл кандитат дұрыс емес мәліметтерді ұсынған. Үміткер ретінде менің құқығым тапталды деп ойлаймын", - деді Тәттімбет атындағы колледждің мұғалімі Сәуле Жәутеева.
Қазір Қарағанды өнер колледжінің директоры Сержан Мұсайын - халықаралық байқаулардың лауреаты. Көпшілік оны Әміре Қашаубаевқа арнап түсірген фильмнен таниды.
Бірақ бұл атақтардың бәрі оның өз түйіндемесінде көрсеткендей 2013 жылы "Арай" ансамбліне жетекшілік еткенін білдірмейді, дейді мұғалім. Оның сөзін бұрынғы-директор Александр Севостьянов та растады.
"2011-2015 жылдары мен зейнетке шығар алдында "Арай" ансамблінің жетекшісі болдым.Менің жетекші болғанымды барлық әртістер растай алады", - деді "Арай" ансамблінің көркемдік жетекшісіАлександр Севостьянов.
Сержан Мұсайын бұл жағдайға түсініктеме беруден тас тартты. Ал білім басқармасындағылар білім саласындағы бақылау департаменті байқау өткізуде ешқандай бұзушылықтар анықтамағынан хабарлады.
"Біз құжаттарды қайта тексермейміз. Оның қызмет жолы, тест нәтижесі, қамқоршылық кеңесінің келісімі, бәрі ескерілді", - деді
Сәуле Жәутеева музыкалық колледж ең алдымен білім ордасы екенін атап өтті. Директор қызметіне танымал әртіс, бірақ жетекші және педагог ретінде белігілі емес адам тағайындалған.
Ол сотқа арыз жазып, нәтижелерді қайта қарауды талап етті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
