Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгілі модель Шымкентке келін болған азапты жылдары жайлы ашық айтты (фото)

Белгілі модель Диана Ыдырыс 8 жыл Шымкенттің нағыз қазақы тәрбиесін ұстанатын отбасында келін болған. Ата-енесімен тұрған Диана оңтүстіктің келіні білуге, істеуге тиіс барлық жұмысты оңай үйреніп кеткенін айтты,-Stan.kz  тілшісіне.

ыдырысы2

Өткен жылы жас келіншектің тоқалдар туралы ән айтқан видеосы желіні шулатты. Әннің мәтінінде ол тоқалдарды ашық түрде әжуалаған. Видео авторы – Шымкентте тұратын модель, танымал дизайнердің оң қолы Диана Ыдырыс.

Предвосхищая гневные комментарии типа “вы что, как можно об этом петь” и мой любимый “пАзор”, сразу скажу, что во-первых я ничья не токал, и быть ею не собираюсь (пока я записывала это видео Папа на меня неодобрительно косился 😂). А во-вторых, хотите Вы или нет, такое явление в нашем царстве-государстве существует, и вообще слова к песне пришлись. А мы просто продолжаем вскрывать гнойные раны скальпелем иронии и смеха.

Публикация от PA&PR [ AINUR TURISBEK ] (@diana.idris)

Ол видеоблоггер ретінде де жақсы танымал. Диананың түр-тұлғасына қарап, бұрынғы өмірін елестету қиын. Модельдік мансабына дейін ол 8 жыл бойы қазақы әдет-ғұрыпты ұстанатын отбасының басынан орамалы түспейтін қарапайым келіні болған .

Алайда, отбасының шырқы бұзылып, екі баласымен жолдасымен ажырасып кетті. Оның ажырасуына жарының опасыздығы себеп болған . Елге тарап кеткен «тоқал» әнін де опасыздықтан ашынғандықтан жазса керек. Қазір Диана қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі, жалпы өмірін ащы сынға алып, өткір тілмен мысқылдауға кіріскен.

ыдырыс

«Басымнан өткен жайттардан кейін аңғалдығым артта қалды. Бетперде ауыстырудың хас шеберіне айналдым. Мәселен, кит, қалыңмал, көрпе-төсек, алыс-беріс жайын жақсы білсең, «тәтешкаларға» жағасың. Ал құрбыларыңа жағу үшін қалталы бизнесменнің жары болсаң болды. Туыстарыңа жағу үшін қаласаң да, қаламасаң да, мейрамдарда құттықтап бару керек»,-дейді модель.

Диана Лондондағы өмірін қиып, махаббаты үшін Шымкентке оралғанын да жасырмайды.

«Қаланың көзі ашық, сауатты отбасында дүниеге келдім. Мектепті тәмамдаған соң, Лондонда тұрдым. Шымкентке қайтып келуіме себеп болған – махаббат. Қарапайым қазақы отбасыдан шыққан балаға тұрмысқа шықтым. Орамал тақтым. Ағайын-туысқа сәлем салып, нан жауып, ішек-қарын тазалап, енемнің айтқанын екі етпейтінмін.

Күйеуім екеуінің көңілдерінен шығу үшін барынша тырыстым. Еркін өскен қыз, көрген күніме іштей қынжылатынмын. Отымен кіріп, күлімен шықсаң да, саған тағылатын мін табылады. Әйел болып тудың ба, бәріне тек міндеттісің. Өз бетіңше шешім қабылдай алмайсың. Ал жұмысқа тұруды аузыңа да алуға болмайды. Жалпы, тұрмыстағы қазақ әйелдерінің құқығы дереу шектеледі. Мұның бәрі, әрине, екі жастың арасын суытпай қоймайды.

Модель Шымкенттегі қазақ отбасылары қыз баласын дүниеге келісімен, оны күтпегендей қарайтындарына қапалы.

«Бізде қыз туылса, есімдерін Ұлжалғас, Ұлбосын, Ұлбала деп қояды. Яғни, олардың ата-аналары қыз емес, ұл күткендігін білдіреді. Осыдан-ақ қазақ қыздарының қоғамдағы рөлін аңғару қиын емес. Сосын сана-сезімі толық қалыптасып үлгермей, ата-анасы тұрмысқа беруге асығады. Ол тұрмыстық өмірге қаншалықты дайын? Оған бас қатырып жатпай, жүре үйренеді дейді.

Бар қызық тұрмысқа шыққанда басталады. Көпшілік үшін әйел – тек бала туушы мен аспазшы. Бір ғана мысал айта кетейін. Менің апам жаңа босанғанда, енесі жақтырмай, «мына қатын туды, бүгін шай ішпейміз, білем ғой» деп кейиді. Ол кездері әйелдер үйде босанған. Апам белін қымтап орап, шайдың қамына кіріскен. Сұмдығы сол – қазір көп нәрсеге өзгермеген деуге болады. Енесінің қатал «мектебінен» өткен енелер келіндеріне де соны көрсетуге барынша тырысады.

Ал жолдасы шектеулерін шұбыртады. Қыстың қақаған суығында күйеуінің төбелеуінен далаға жалаң аяқ, жалаңбас қашып шығатын әйелдерді өз көзіммен көргем. Олар маскүнем күйеу, масыл күйеу болсын, бәріне көнеді, ажырасуға асықпайды. Неге? Себебі қоғамда «қайтып келген» деген атқа ме болудан қорқады»,-дейді Диана.

Диана Ыдырыс қыз баласын кішкентайынан үй күтушісі болуға тәрбиелейтін ата-аналардың әдетіне қайран.

«Білімсіздіктен. Бәрі тәрбиеден басталады. Қыздарды тек әйел болу үшін ғана тәрбиелеп, тұрмысқа беруге асықпау керек. Себебі бұл келеңсіз жағдайларға, тіпті, ажырасуға әкеліп соғуы мүмкін. Қыздардың көбі адамның физиологиялық дамуынан мүлдем бейхабар. Ауруханадан ондай сауатсыздықтың сорақылықтарын молынан кезедстіруге болады.

Бірде ауруханада жатқанымда, бір қыз менен «анэнцефалия деген не?» деп сұрайды. Өзінің аяғы ауыр… Жүктіліктің алдында арнайы әзірлену керектігін үлкендер неге айтпайды? Алды-артын ойламай, біздің әйелдер көтере береді. Бәрінің айтатыны – «несібе».

Негізінен, бұл өзіне, өз өміріне деген салғырт көзқарас. Бізде қыздар 25-ке дейін қыздар тұрмысқа шығып үлгерулері керек. Ал Еуропада қыздар отыздан кейін ғана тұрмыс құрады. Бұл дұрыс деп ойлаймын. Себебі балалық артта қалып ,ақыл толығатын шақ»,-деп түйіндейді өз сөзін Диана Ыдырыс.

Диана жас қыздардың тұрмысқа оңы мен солын танып барып шыққаны дұрыс дейді.

Татешка и трудности перевода

Публикация от PA&PR [ AINUR TURISBEK ] (@diana.idris)

«Сауаттылықты жоғары қою керек. Жас қыздарды ата-аналары, жалпы, қоғам тұрмыс құруға асықтырмаса екен деймін.

Жүрсін, көрсін, ең бастысы, білім алсын, оңы мен солын танысын. Ақыл-ойы толыққанда, оңы мен солын ажырататын дәрежеге жеткенде, өмір жолын адаспай таңдар. Мен өзім кәмелетке тола салысымен тұрмысқа шықтым. Сондықтан өз тәжірибеме сүйене айтып отырмын»,-дейді ек баланың анасы.

Сөз соңында Диана желідегі видео жазбалары жайлы да айтып берді.

#Жүдə

Публикация от PA&PR [ AINUR TURISBEK ] (@diana.idris)

«Шынымды айтсам, біреуді сынап-мінеуді мақсат тұтқан жоқпын. Маған жай ғана ақсап тұрған түрлі тақырыптарды қозғау ұнайды. Басында жай «Тәтешка» болды. Оның үнемі ештеңеге көңілі толмайды, Алдар-Көсе тәрізді қу. Кейінгісі «Ербол», жұрт оны онша жақсы көрмейді.

Бірақ бұл образ маған көп көмектесті. Патриархаттық орнаған мына заманда өзімнің де еркекке айналып, өз орнымды табу үшін қолдау берді. Ал «Дерзкая» төсек тақырыбын көп көтереді. Несі бар, бәрі де әп-әдемі. Ноу-хау деуге болады, яғни, «халықтық» тақырыптарды сатиралау әдісі»,-дейді Диана.

Оқи отырыңыз:

Айқын мен Жұлдыздың үйленуіне орай әріптестері өз ойларын ашық айтты

Төреғали Төреәлінің не себепті тойларға оққағармен баратыны белгілі болды (фото,видео)

Қызылорда облысындағы ең сымбатты бес шенеунік (фото)

Елімізде соғыс ардагерлеріне жарты миллион теңгеден таратылмақ

Астаналықтар көлік кептелісін болдырмау үшін жұмысқа бір жарым сағатқа ерте бармақ

Талқылау