Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белоруссияда ер адам тамағынан шаш тауып алғаны үшін әйелінің бас терісін кесіп алған

Қайғылы оқиға Пасха мерекесі қарсаңында кешкі ас кезінде болған. 45 жастағы ер адам тамағының ішінен шаш тауып алғаны үшін 36 жастағы азаматтық некедегі әйелінің бас терісін пышақпен кесіп алған.

bobruysk-skalp-volos

Әйелдің өзі дәрігерлердің сәл кешігіп келмегенде қазір жағдайын жақсы болмауы мүмкін екенін айтады. Ол күйеуімен азаматтық некеде 13 жыл бірге тұрған. Алайда, өзі күйеуіне бұл ісі үшін ешқандай  кек сақтамаған. Күйеуі оны бұған дейін де шашын бас терісіне желімдеп тастайтынын айтып қорқытқан екен.

«Алдымен ол менің шашымды кесіп тастады. Сосын желке тұсымдағы қалған шашы бар теріні кесіп алды», – дейді Татьяна.

Татьяна енді өмірін қайта бастамақ. Ол ауруханадан шыққан соң күйеуімен тұрмайтынын, қызымен бөлек кететінін айтады. Тіпті, оған шағымданып, полицияға арыз жазатын да ойы жоқ көрінеді.

Ол күйеуінің бұл әрекетін оның өте жиіркеншектігімен байланыстырады. Ол жас кезінде жеп отырған торттың ішінен шаш тауып алғанын, әлі күнге дейін жиіркене еске алады екен.

-«Татьянаның күйеуіне қатысты оның ауыр дене жарақаттары бар деген көрсеткішпен зақым алған жағдайда қылмыстық іс қозғайды. Немесе әйелдің өзі милицияға арыз жазған жағдайда іс қозғалады», – дейді облыстық тергеу комитеті басшылығының ресми өкілі Оксана Соленюк.

Талқылау