Беларусь тұрғыны мұртты аққала жасағаны үшін пикет ұйымдастарды деп айыпталды
Беларусьтегі Гомель облысының тұрғыны өз учаскесінде мұртты және "Ливе Беларусь"деген жазуы бар аққала тұрғызғаны үшін айыпталды. Оған рұқсат етілмеген пикет өткізді деген айып тағылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам аққаланы 24 желтоқсанда жасаған. Бірнеше күннен кейін, аққала еріген кезде, оның үйіне учаскелік полиция қызметкері келген. Ер адамға аққаланың суретін көрсетіп, оған әкімшілік хаттама толтырған.
"Фотосуретті үшінші тұлғалар түсірген: учаскелік полиция қызметкерінің өзі немесе көршілер. Ауыл тұрғыны көршілері "ұстап берді" деп күдіктенеді", — деді құқық қорғаушы Леонид Судаленко.
Заңгердің айтуынша, бұл азамат ешқашан жауапқа тартылмаған. Енді рұқсат етілмеген пикет үшін оны 15 күн қамауға алуы немесе айыппұл салуы мүмкін.
Айта кетейік, Беларусьте 9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейін басталған жаппай наразылық акциялары алты айдан бері жалғасып жатыр. Ресми нәтижелерге сәйкес, алтыншы мерзімге үміткер болған Александр Лукашенко 80 пайыз дауыс жинаған. Оппозиция сайлауды жалған деп санайды және Лукашенконың мемлекет басшысы қызметінен кетуін талап етеді.