Соңғы жаңалықтар

Беларусь елінде такси жүргізушісі қазақ жігітін көлігіне отырғызбай қойды

10 ақпан күні Нұрсұлтан есімді қазақстандық жігіт Беларуссияның астанасы Минскіде болған оқиғаны айтып берді. Оны қытайлық деп ойлаған такси жүргізушісі көлігіне отырғызбай қойған екен. 

Беларусь елінде такси жүргізушісі қазақ жігітін көлігіне отырғызбай қойды

Яндекс.Такси шақырған жігіт көлікке кіре алмады: жүргізуші келгенімен, көлік есігін ашпады. Жолаушыны көріп, кері жүріп кетті, деп жазады Onliner.by.

«Мен кеше такси шақырдым. Көлік келді, қара Фольксваген Поло. Мен көліктің есіктерін аша алмадым. Жүргізуші бір ауыз сөз айтпай кетіп қалды», - деді Нұрсұлтан.

Жігіт такси жүргізушісіне қоңырау шалып, мұның себебі неде екенін білмек болды.

«Жүргізуші телефон тұтқасын көтермеді, бірақ маған SMS-хабарлама жазды. Ол мені қытайлық деп ойлаған және үш рубль үшін тәуекелге баруға негіз жоқ деп айтты. Ол коронавирустан қорыққан болуы мүмкін», - деді қазақстандық жігіт.

Нұрсұлтан бұл оқиғаны әзілмен айтуға тырысады, бірақ бұл жағдай оған жағымсыз әсер еткен. Ол басқа көлікті шақырды, келесі жүргізушіде мұндай проблемалар болмады. Ол оған болған жағдайды айтып бірге күліпті.

Нұрсұлтан "Яндекс.Такси" қызметіне қоңырау шалып, мән-жайды сұрайды. Компания одан кешірім сұрап, мұндай ерсі әрекет жасаған жүргізушінің бұдан былай жұмыс істемейтінін айтқан. 

Талқылау
Пікір
admin
11 Ақп, 20 жыл - 22:28

Інішек, сізге айтарым-ата-бабаң ешқашан денесіне шимай-шатақ салмаған, қазіргі исі қазақ жігіттері денесіне сурет салғызбайды. Қолыңдағы сурет ерсілік

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыныптасымен ұрысып қалған: Көз жұмған оқушының ата-анасы ұлдарының өз ажалынан өлгеніне сенбейді

Түркістан облысында оқушы жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Наразылық білдірген ШҚО тұрғындары ауруханадан кереуеттер мен төсек-орындарды шығарып тастаған

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ауылдың тұрғындары аймақта коронавирус жұқтырған қытайлық жұмысшылар жүр деп шу шығарып, желіде бұл ақпарат қызу талқыға түскен.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты

2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз

Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды

Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Бұл препараттың десек те жағымсыз ықпалы да анықталған

"Пайдалы өнім шығармыз келді": Қазақстанда алтыншы сынып оқушылары өз кәсіптерін ашты

Олардың еңбекқұмарлығы танымал кәсіпкерді қайран қалдырған

Алматы облысында полицейлер есірткі сатумен айналысқан

Бұған қоса полиция қызметкерлері кейбір қылмыстарға көзжұма қарағаны анықталыпты

Қазақстанның бас прокуратурасы халыққа үндеу жариялады

Бас прокурордың орынбасары халықты араңдатушылыққа салынбауға шақырды

Той - қуаныш сыйлайтын мереке: Мәдениеттанушы той жасау үшін несие алатындардың сөзін сөйледі

Сөзінше, қалың жұртшылыққа асыр салып, той тойлайтындарды жазғырмау керек
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр