Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусь билігі Боранбаевты бұрынғы McDonald 's мейрамханалар желісінен айырмақ

Беларусь Мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті Қайрат Боранбаевтың бұрын McDonald 's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар желісін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еурорадиоға сілтеме жасап хабарлайды. 

Боранбаев

10 қазанда Минск экономикалық соты шешім қабылдады. Кейінірек компания Жоғарғы сотқа апелляциялық шағым беріп, ол 10 қаңтарда қаралатыны қабылданған. Деректерге сай мүлік құны шамамен 1,7 миллиард теңгеге таяйды. 

Бұл мейрамханалар 2022 жылдың қараша айына дейін McDonald ' s деген атпен жұмыс істеген. Компания Ресей нарығынан шыққаннан кейін Беларусь елінен де кетуі керек болған. Алайда ресейлік "Вкучно и точка" бренді McDonald 's орнына келетіні туралы ақпарат болды. Ол Ресейдегі McDonald' s-ті алмастырды. Бірақ Беларусь президенті Александр Лукашенко елде тек отандық өндірушілер жұмыс істеуін талап еткен. Сондықтан мейрамханалар 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың сәуіріне дейін атаусыз жұмыс істеп, сәуірдің екінші жартысынан бастап Mak.by атаумен қызмет көрсеткен.



Беларуссияда Mak.by мейрамхана желісін оның құрылтайшысы сингапурлық “KSB Victory Restaurants” басқарады. Оның акционерлері: 90% үлеспен Қайрат Боранбаевтың “Rapid Food Holding PTE. LTD” компаниясы мен 10% үлеспен Беларусь азаматы Виктория Даньконың “Sengermen PTE. LTD” компаниясы. 

Боранбаев 2016 жылдан бастап Қазақстандағы бұрынғы McDonald ' s компаниясының иесі болды. 2023 жылдың қараша айының соңынан бастап бренд I am деген атаумен жұмыс істеді. Бұл кәсіпкердің мемлекетке қайтармаған активтердің бірі еді.

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаевтан тәркіленген ақша мен мүліктердің тізімі жарияланған еді.

Талқылау