Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекзат Саттархановтың ата-анасы: Ұлымыз жайлы мүлде ұмытып кетті

Бекзат Саттарханов әлемге қазақ елін танытқан ер. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі спортшыны құттықтаған еді. Олимпиада жеңімпазы Бекзат өмірден кеткенімен, ыстық естеліктерімен есте.

2000 жылы  Түркістандағы спорт кешеніні Бекзат Саттархановтың құрметіне қойды. Бүгінде кешенде жұмыс істейтін мектеп өзге спортшы Абдысалам Нұрмахановтың атында, деп жазады Otyrar.

Түркістан қаласына кірер жерде әйгілі спортшының ескерткіші тұр. Жанындағы спорт кешеніне жөндеу жүргізілмегелі біраз уақыт өтті. Спорт мектебінің орынбасары жөндеу жұмысына ақша бөлінгенін, алдағы уақытта қолға алынатынына уәде берді.

“Біз республика деңгейінде жарыс өткіземіз. Келесі жылдың наурыз айынан бастап жөндеу жұмысы басталады. 300 млн теңге бөлінді. Өз қаражатымызға еденін ауыстырдық. Кабинеттерді жасадық”, – дейді мектеп орынбасары Асанов Төленбек.

Ал, Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін жасыра алмады.

“Бекзат Олимпиада чемпионы болғанда бұл кешен болды. Қазір кешен Бекзаттың атымен аталғанымен ішінде мектеп өзге спортшының есімімен аталады. Мұражайдағы медальдар жасанды. Тұпнұсқасы өзімізде. Бекзат жайлы мүлде ұмытып кетті. Ол туралы жақсы ешнәрсе айтылмайтын болды. Мектептің жөндеу жұмысы жайлы айтқым да келмейді. Бекзаттың құрметіне дұрыс ғимарат салу керек еді. Ол Қазақстанды танытты ғой. Қазақтың намысын қорғады. Бекзат өмірде болмаған секілді. Бұл туралы айту маған оғай емес. Бірақ еш нәтиже жоқ”, – деді Сейілхан Саттаров.

Спорт мектебінде әр аймақтан келетін мыңдаған оқушы жаттығады. Ұжымда 50-ге жуық бапкер жұмыс істейді.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы жөндеу жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізілетінін мәлімдеді. Құрылысқа 7 млн теңге бөлінгенін айтты.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте коронавирусқа шалдыққан 8 науқас - қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары

Шымкентте коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты

Полиция қызметкерінің екі аяғы сыныпты

Қытайлық дәрігер коронавирус туралы ақпаратты жасыру туралы шағымдардан кейін жоғалып кетті

Қытай билігінің жұмысын сынаған мақала жарияланғаннан кейін дәрігер жоғалып кетті

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары: Каарнтин кезінде жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған

Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды

Қазақстанда коронавирустың 21 жаңа жағдайы тіркелді

Жалпы 423 науқас тіркелді

Сарымсақпен өзіңізді қорғауды жалғастыра бересіз бе? Алматы әкімінің орынбасары неліктен бетпердесіз жүретінін түсіндірді

Ерлан Қожағапанов тікелей эфирде азаматтар мен журналистердің сауалдарына жауап берді

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай әбігерге түсті

"Көрмеген қиындығымыз қалмады": Алматы облысында он адам 1500 теңгеге күн көріп отыр

Көпбалалы отбасы карантин басталғалы күнкөріс көзінсіз қалған
Çàãðóçêà...