Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бекзат Алмахан UFC тарихында Қазақстан атынан ең жылдам нокаут жасаған спортшы атанды

Фото: Бекзат Алмаханның желідегі парақшасынан

Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан (12 жеңіс, 2 жеңіліс) UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді. Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде ол алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Бекзат алдын ала картада 33 жастағы жергілікті спортшы Брэд Катонамен (14 жеңіс, 5 жеңіліс) жекпе-жекке шықты. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек небәрі 64 секундта аяқталды. Бекзат қарсыласына нақты соққы жасап, оны нокдаунға түсірді де, ары қарай ұрып, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл Бекзаттың кәсіпқой мансабындағы 12-жеңісі болды. UFC-дегі көрсеткіші енді 1 жеңіс, 1 жеңіліс. 2024 жылдың наурызында ол UFC-дегі алғашқы кездесуінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Алайда сол кездесуде де ол Умарды бірінші раундта нокдаунға түсіріп, есте қалған еді.

Ал Катона үшін бұл ММА-дегі 19 жекпе-жегінде алған алғашқы мерзімінен бұрынғы (техникалық нокаутпен) жеңілісі болды.


Қазақстан спорт рейтингінде ТМД бойынша үздік үштікке енді


Мэнни Пакьяо спорттық мансабын қайта жалғастырады


Еске салайық, бұған дейін Астанада өткен "Battle of the Brave" бокс кешін орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) қарсыласын нокаутпен жеңді. Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 11 Мамыр, 2025 14:20
Талқылау