Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшиннің жаңа қаулысына қарсы болған алматылық ата-аналар оның кеңсесінің алдында шу шығарды

Алматының бас санитар дәрігерін іздеген бір топ ата-ана Жандарбек Бекшинге барды. Сөздерінше, Алматының санитар дәрігері екпе алмаған ата-аналардың балаларын мектепке кіргізбейтін қаулы шығарған. Яғни жаңа қаулыға сәйкес "оқушының әке-шешесі мен бір үйде тұратын туыстарының бәрі екпе алуға міндеттелген" екен. Болмаса, бала онлайн оқуы керек. Бірақ Жандарбек Бекшин наразы топтың бұл уәжін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ата аналар

Алматының бас санитар дәрігері шығып, жаңа қаулысын түсіндірсін деп талап еткен ата-аналардың ашуына әлеуметтік желідегі ата-аналар чатына мұғалімдер жіберген хабарлама түрткі болған. Онда вакцина алмаған адамның баласы мектепке кіргізілмейді делінген екен. Жиылған ел қашықтан оқу – білім сапасын тым төмендетіп жібергенін айтады. Ал екпе салдырайын десе, кері әсері бола ма деп қорқады. 

Ашулы топ екпе ектіруге мәжбүрлеу – елді басыну деп отыр. Ал Жандарбек Бекшин жаңа қаулыда баласын мектепке қабылдау үшін ата-ана вакцина салдыруы керек екен деген сөз жоқ дейді. Бірақ қауіпті індетті жеңіп шығу үшін әрбір қазақстандық вакцина салдыруы тиіс екенін айтты. 

"Қазіргі таңда ешқандай сіздерді алаңдататын мәселе жоқ. Неге десеңіз мен әдейі Бақытгүл деген азаматшаға қаулының бір көшірмесін бердім. Ол жерде ондай бірде-бір сөз жоқ", – деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин. 

Ата-аналарды айтқан сөзіне сендіре алмаған бас санитар, ақыры жаңа қаулысының көшірмесін алып шығып, дұрыстап түсіндіріп беруге тырысты. Алайда қаулымен танысқан ел вакцинаның қауіпсіз екеніне көз жеткізбейінше, салдырмайтындарын кесіп айтты. 


"Вакцина салдырмаған ата-аналардың балалары мектепте оқи алмайды": Хабарлама қазақстандықтардың шамына тиді

Талқылау