Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин карантин кезінде той тойлап жүрген қызметкері жайлы пікір білдірді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қол астындағы қызметкерінің тойда жүргені түсірілген видео жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

той

Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Қымбат Қызайбекованың WhatsApp мессенджерінде жариялаған видеосы назардан тыс қалмады. Өз кезегінде Жандарбек Бекшин бұл туралы өз ойын айтты. 

"Менің орынбасарым бұл жағдайды анықтады. Видео екі жыл бұрын түсірілген. Ол бізде 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді және баспасөз хатшысы емес. Хатшы 25 наурызда денсаулығына байланысты жұмыстан шыққан болатын. Қазір ол орында Мұхамедияров отыр. Видеодағы қыз оған мәтін аударуға көмектеседі. Ол мемлекеттік қызметкер емес. Видео пандемияға дейін түсірілген", - деді ол. 

Десек те журналистер оның жауабына қанағаттанбады. Олардың сөздерінше, желіде видеоға мәтін жазу функциясы тек 2020 жылдың соңында пайда болған.

"Мұны онда тәжірибелі тергеуші анықтауы керек. Қазір ол техникалық қызметкер, 10 күн уақытша жұмыс істейді. Біз баспасөз хатшысының орнына жаңа конкурс жариялаймыз. Егжей-тегжейлі тергеу жүргіземіз. Бірақ әзірше оқиғаның бір апта немесе бір ай бұрын болғанын дәлелдей алмаймыз", - деп ақталуға тырысты Бекшин. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр