Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин жас-жұбайларға үйлену тойларын кейінге шегеруге кеңес берді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарынан коронавирус пандемиясына байланысты үйлену тойларын кейінге шегеруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

той

Жандарбек Бекшинмен өткен онлайн-брифингте журналистер "той маусымы" басталуына орай іс-шараларда қонақтардың саны бойынша қандай шектек болатынын сұрады.

"Коронавирус жұқтыру төмендегенге дейін біз қашықтықтағы қағидатты ұстанамыз. Біз түрлі бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерейтойлар, үйлену тойларына тыйым салынуын бақылауда ұстаймыз. Әрине, біз болашақ жас жұбайлардан әрбір отбасы үшін өте маңызды осындай іс-шараны кейінге қалдыруды сұраймыз", - деп жауап берді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2020 20:48
Талқылау