Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин Алматыдағы "барахолкада" COVID-19 жұқтыру мүмкіндігі туралы айтты

Алматының бас санитар дәрігері "барахолкада" COVID-19 коронавирусын жұқтыру мүмкіндігі аз деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі арнайы брифингте журналистер Жандарбек Бекшиннен мониторингтік топтар неліктен "барахолканың жұмысын мүлде тексермегенін" сұрады. БАҚ қызметкерлері дәл осы базарларда санитария нормалары сақталмайтынын және көптеген бұзушылықты тіркеуге болатынын атап өтті.

Ал қаланың бас санитар дәрігері бұл нысандарды тексергенін айтты.

"Барахолка - бұл жұмыс істеуге рұқсаты бар нысан.  Біз базарларға келушілердің көп екенін түсінеміз. Бірақ оларды тексерген жоқпыз деу қате. Осыдан бір жарым ай бұрын базарларда орналасқан нысандарға миллион теңге айыппұл салынды", - деді ол.

"Бірақ барахолкада немесе базарларда көп кідірмейміз: сатып аламыз - кетеміз. Ал қоғамдық тамақтану объектілерінде, түнгі клубтарда бес-алты сағат тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бұл жабық жерлерде болады. Біздің талдауымыз көрсеткендей, көп жағдайда (37 пайыз) ауру жабық жерлерде таралады", - деп жауап берді Бекшин.

Талқылау