Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы автобустарында санитарлық патрульдер қойылмақшы

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда

Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдары төмендегі қаулының орындалуын қамтамасыз етсін:

- қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салуды;

- Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

- келушіде смартфон болмаған немесе жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда аталған мобильді қосымша, жауапты тұлға мекеме қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы;

- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;

- мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

- балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салу;

- ұлттық құрамалар үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру,
клубтық командалар (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру).

Қаулы 2021 жылғы 9 наурыздан бастап 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Талқылау