Бекшин Алматыда блок-бекеттер қандай жағдайда қойылатынын айтты
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала маңында блок-бекеттер қандай жағдайда орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігер күндік есеп бойынша қалада коронавирус жұртырғандар саны артатын болса, блок-бекеттер қойылатынын жеткізді.
"Күніне 300 адам ауруханаға жатқызылған кезде қалада ішкі локдаун енгізіледі, бұл көрсеткіш күніне 500 немесе одан да көп адамға жетсе, блок-бекеттер орнатылады. Біз қазір қоғамдық көліктердің жұмысына шектеу енгізіп, қызметтің жекелеген түрлерін жауып жатырмыз. Алайда адамдардың қозғалысына шектеу қойылмады. Егер 100 пайыз локдаун енгізілсе, онда қала ішінде, аудандар арасында бақылау бекеттері орнатылады", - дейді Бекшин.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда демалыс күндері қоғамдық көліктердің жүруіне қашан рұқсат берілетіні туралы Жандарбек Бекшин айтып берген болатын.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев