Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 2020 жылғы 07-09 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіледі. Синоптиктердің хабарлауынша, елдің оңтүстігі мен шығысында күн салқындайды.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Ақ теңіз аудандарынан келетін циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын өтеді, оңтүстік және шығыс бөлігінде кезең соңында қатты жауын-шашын болады. Елдің басым бөлігінде жел күшеюі күтілуде. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады", - дейді синоптиктер.

STAN.KZ
Жұма, 06 Қараша, 2020 09:56
Талқылау