Бекболат Тілеуxан сауатты сөйлей алмайтын журналистерге шүйлікті
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxан телеарнада сауатты сөйлей алмайтын журналистерді сынады.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Депутат, сонымен қатар, отандық теле-радиодағы қазақ тілінің үлесіне көңілі толмайтынын жеткізді.
«Мемлекеттік тілдің жағдайы әлі де мәз емес. «Айта-айта қасқырдан да ұят болды» дегендей, осы мәселе әбден жауыр болды. Халық көретін прайм-тайм уақыттарда түрік, кәріс, үнді сериалдары көрсетіледі. Ал, радионы музыкалық бағдарламалар жаулап алған. Мысалы, Францияда америкалық өнімдердің телеарналарда, кинопарктерде көрсетуге квота берілген. Бізге де осындай бір талап қажет шығар», – дейді мәжіліс депутаты.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық келіншек қиындыққа тап болған талай адамды құтқарып қалғанын айтып берді
Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр
Жыныс мүшесіне зақым келген еркек пәктігінен 44 жасында айырылған
Ислам елдері қазақстандық студенттерді тегін оқумен алдап құрыққа түсіруде