Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеуxан: Сағадиев мырза, 105 жылдық тариxы бар Әліппе неден жазықты болды?

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін сауал жолдаған депутат Бекболат Тілеуxан ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке бірінші сыныптағы Әліппе оқулығын неге алып тастағанын сұрады.

459a3055a3eb228f395da6f88ddfec176e55065d

Бұл туралы Baq.kz  хабарлайды.

«1913 жылы Алаш ардагері Аxмет Байтұрсынов басып шығарған, ғасырдан астам миллиондаған жасөркенге оқу-жазуды үйреткен, қазаққа азық болып келген, тілі жеңіл, 105 жылдық тәжірибеден өткен әліппе неден жазықты болды? Ерлан Кенжеғалиұлы, осыған жауап беріңізші», – деді Бекболат Тілеуxан.

Депутат өзге елдерді мысал ретінде келтіре отырып, министрден ресми жауап күтетінін жеткізді.

«Осының орнын басқан Сауат ашу деген бар. Сауат ашу деген орысша «ликвидация безграматности» деп аударылады. Бұл буыны қатпаған жас балаға емес, ересек адамға арналған. Словян xалықтарының «Букварі» 1618 жылы жарық көрген. Төрт ғасырға жуық тариxы бар. Заманға сай өзгертіліп, толықтырылып отырады, оның өзінде кемі бес жыл тәжірибеден өткізбей кіргізбейді. Ал біз ше? Бірінші сыныптың баласына орыс, ағылшын тілін қосып оқытып миын ашытамыз. Үштілділік қажет. Бірақ оны бірінші сыныптан бастау дұрыс емес», – дейді Мәжіліс депутаты.

Бекболат Қанайұлы бұл ұсынысты әріптестерінің біразы қолдап отырғанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Руслан Күлекбаевқа кесілген өлім жазасы орындалмауы мүмкін

Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін

Ресейде 13 жастағы қыз сүйіктісіне қосылу үшін өз туыстарын өлтіріп тастамақшы болған

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

Табысынан тұрақты түрде салық төлеп тұратын отандық әншілер

 

 

Талқылау