Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекболат Тілеуханов "Бораттың" мәселесіне қатысты бірнеше министрге орыс тілінде үндеу жолдады (видео)

Бекболат Тілеуханов атышулы "Борат" фильміне қатысты мәлімдеме айтты. Экс-депутат үндеуін мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады. 

"Бұл кино талай уақыт бұрын этикалық-моралдық шектен шыққан еді. Адам құндылығын жойды. Халықаралық құқық бұзылды. Дипломаттар ұлттық құндылықарды қорғауға ант бермеуші ме еді? Сыртқы істер министрлігі мен Румыния, АҚШ, Англия мен Автралия елшілігі не істеді? "Бұлар екі күн шулайды да қоя салады" деп отыр. Нақты шешім қабылданбай, бұл мәселені жабуға болмайды. Бұл айуандық флешмобды қолдап отырған елдерге не себепті әлі де қарсылық нотасы жолданған жоқ? Бұл елдермен қалай достық қарым-қатынас орнатуға болады? Не себепті фильмнің персонаждары әлі нақты айтылмайды? Бәрі халықаралық жарыстарда Қазақстанның әнұранын әдейі қателесіп қойған күннен басталды. Мен бұл туралы 2009 жылы да айтқан едім, естеріңізде болар", - деді қоғам қайраткері. 

Тілеуханов Бораттың алғашқы бөлімі шыққанда қарсы пікірін айтқаны белгілі.

"Жуырда Ресей арналары Боратты орысшалап, ТМД кеңестігіне таратанын айтты. Оған мәу деген үкімет те жоқ, басқамыз да жоқ", - деді Тілеуханов 2009 жылы. 



"Мені ешкім қолдаған жоқ. Неліктен біз өзі намысымызды қорғауға қауқарсызбыз. Біз өзімізді қорғай алмасақ, ешкім жоғары мінберде бізді құқығы бір қарсылас көрмейді. Біз өзімізді сыйламасақ, ешкім бізді құрметтемейді. Заңның мемлекеттік рәміздері туралы заңын қайта қарауды, Мемлекеттік ту туралы заңды қайта қарауды тапсырамын. Мемлекеттік ту тек мемлекеттік орындарда емес, әрбір үйде, әр адамның жүрегінде жайқалып тұрғанын қалаймын. Ешкімнің оны мазақ етуге қақысы жоқ. Әр қазақты дәл қазіргі көріністің керісінше бет-бейнесін көрсетуге шақырамын", - деді Тілеуханов. 

Айта кетейік, күні кеше Австралия мен Ұлыбританияда жалаңаш күйде Қазақстанның туын көтерген "Бораттар" флешмоб өткізді. Бұл онсыз да ызалы халықтың ашуын келтірді. Желі қолданушылары мен қоғам белсенділері Боратқа қатысты шара қолдануды талап ете бастады. Алматыда "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ-тың елшілігіне петиция табыстады.

"Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі - орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын!", - деп жазды экс-депутат парақшасында.

"Ағатай, рақмет сізге, үндемей отырмас деп едім. Тіпті орысшаңыздың өзінен қазақша иіс аңқиды. Бұл мәселеде еліміздің ерлері сөйлесін, әйел қауымы үндемей, бақырып-шақырмай, шектен шықпай сіздерге сеніп отыра тұрамыз. Алла сәтін салсын, әумин", "Еститін құлақ болса, айтатын сөзіміз көп қой ағатай", "Жүз жасаңыз аға! Жоғарғы жақтан үн қатқан алғашқылардың бірі болдыңыз. Қалған билік өкілдерінің де ұлттық құндылықтарымыз қорғап, тиісті əрекет жасайды деп үміттенеміз!".

"Бекболат аға, сөзіңіздің жаны бар. Бірақ осындай ессіз, доңыз секілді адамдар үшін екі ел арасында ұрыс болғанын қаламаймыз. Бораттың қателігі болса, Боратты аямай, әкесінің қалған жиған-терген дүниесіне дейін айыппұл салынсын. Басқа мемлекеттердің азаматтарына сабақ болады. Осындай ессіз Бораттар үшін Қазақ елінде ұрыс, соғыс болмасыншы деп тілеймін", - деп жазды желідегілер.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 26 Қазан, 2020 09:50
Талқылау