Бекболат Тілеухан тойда ән айтып 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік мінді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Экс-депутат, дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан тойлардың бірінде домбырамен өнер көрсетіп, бір үйір жылқыға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойына арнайы Түркиядан келді.
“Домбыраны харам дегендер көрсін. Бекболат ағамыз домбыра ұстап, халыққа ән айтты. Атақты жырау Бекболат Тілеуханды сағынып қалған ел тойда қолқа салып, поппури айтқызды. Өнеріне тәнті болған жандар 15 жылқы, 1 боталы түйе, 1 темір тұлпар атады", – деп жазды видео авторы.
-
"Депутат болғанда тәуір еді": Бекболат Тілеуханның сыртқы келбетін көпшілік қызу талқылады
-
"Өнеге алатын адам емес": Қалдыбек Құрманәлі әріптесі Бекболат Тілеуханды сынады
“Оян, қазақ” туындысының продюсері, журналист Айсәуле Әбілда экс-депутаттың өнерін халық сағынғанын жасырмады.
"Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта. Себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!", – деді продюсер Айсауле Әбілда.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
