Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Заңсыз жер телімін сатқандарға қатысты сот басталмай жатып аяқталды

Алматы облысында әуежай маңындағы заңсыз сатылған жерлерге қатысты сот ісі түрлі себеппен әлі басталған жоқ. Бұл істе 7 адам күдікке ілінген. Оның алтауы Талғар аудандық жер қатынастары бөлімінде түрлі лауазымды қызмет атқарған, ал біреуі соларға клиент тапқан риелтор. Дәл қазір түрмеде отырған да сол келіншек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жер саудасын қыздырғандардың әрекеті былтыр "Фоккер-100" ұшағы құлаған соң әшкереленген. Бір жыл бұрын Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты тергеу басталып, қылмыстық іс көктемде сотқа жолданған. Сол уақыттан бері алғашқы тыңдалым түрлі себеппен шегеріліп келді. Ал кешегі сот басталмай жатып аяқталды. Өйткені күдіктілердің бірі Нұрайым Алданыш қылмыстық іспен толық танысып үлгермеген.  

"Іспен тағы таныстырмады. Істі маған көрсетуге қорқады. Менің шағымым бар", - деді күдікті.

Бұл атышулы істе 7 адамға "алаяқтық жасады", "қызметін асыра пайлаланды", "жер бөлу қаулысын заңсыз дайындады" және т.б айыптар тағылған. Алты күдікті 2013-2015 жылдары Талғар ауданындағы жер қатынастары бөлімінде қызмет атқарған экс-шенеуніктер, біреуі риелтор. Бұрынғы мемқызметкерлер тағылған айыптарды мойындап, кейбірі үйқамаққа алынып, кейбірі қолхатпен бостандықта жүр. Ал риелтор келіншек бірден қамауға алынған. Бұл нағыз "айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылдының" кері, дейді Нұрайым Алданыштың адвокаты.

"Менің қорғауымдағы адамнан басқасы неге бостандықта жүр? Барлығы күдікті. Нұрайым Алданыш кінәсін мойындаған жоқ. Сонда оған қысым көрсетіп, кінәсін мойындатқызу үшін қамауға алды ма? Түсініксіз. Себебі, өзіне тағылған айыптармен келіспеген күдіктіні тергеу абақтысына жауып тастау заңға мүлдем қайшы", - деді Нұрайым Алданыштың адвокаты Азамат Байкенов.

Оның сөзінше, қорғауындағы әйелге 23 томдық іспен толық танысуға прокурорлар мүмкіндік бермей отыр.

Еске салайық, "Бек Эйр" әуе компаниясына тиесілі "Фоккер-100" ұшағы тура бір жыл бұрын Алматы іргесінде апатқа ұшырап 12 адам қаза тапқан. Қайғылы оқиғадан кейін арнайы комиссия құрылып, әуежай маңындағы жер телімдеріне қатысты талай заңсыздықтардың беті ашылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр