Bek Air ұшағы құлаған үй иесін тағы сотқа берді

Bek Air өзіне тиесілі ұшақ құлаған үйдің иесін екінші қайтара сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Алматыда ұшақтан қаза болғандар саны 14 адамға жетті

Компания бұл жолы Решет Қалибектің баспанасын заңсыз деп тауып, оны сүруді талап еткен. Алайда Талғар аудандық сотының судьясы әуе қомпаниясының шағымын бұл жолы да қанағаттандырған жоқ.

Ақпан айында да Bek air әуежай маңында салынған үйдің иесін сотқа берген еді. Сол кезде Решет Қалибек әуе компаниясына қарсы арыз берген. Алайда сәуірде азаматтық істің екеуі де тоқтатылған. Себебі, судья алдымен жантүршігерлік апатқа байланысты қозғалған қылмыстық істер бітуі керек деген-ді. Сот бұл жолы да сондай шешім қабылдады.

Ұшақ апаты былтыр 27 желтоқсанда болды. Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушыға лық толы "Фоккер 100" қажетті биіктікке көтеріле алмай, Гүлдала ауылындағы жеке үйлердің біріне барып соғылған. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Аir-дің қызметі тоқтады. Әуе компаниясы лицензиясынан түбегейлі айырылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр