Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Командирге ешкім қысым жасай алмайды": Bek Air басшысы неге комиссиямен келісетінін түсіндірді

Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов неліктен комиссиямен келісетінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Informburo бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сурет: Уральская неделя

«Бұл нұсқамен келісемін. Ол әуе кемесіне сыртқы фактордың әсер еткенін көрсетіп тұр. Ұшақты сұйықтықпен өңдеу немесе өңдемеу туралы шешімді командир қабылдайды. Бұл жағдайда қанат пен стабилизатор. Егер командир ұшақ қанатын өңдемеген болса, бұл нәрсеге себеп бар деген сөз», - деді Нұрлан Төлеубайұлы. 

Әрі қарай ол бұл қызметтің қанша тұратынына тоқталды. 

«Командир шешімді өздігінен қабылдайды. Оған қысым жасауға ешкім құқылы емес. Қазіргі жағдайда барлық компания осы қызметті әуежайдан алады. Яғни осы қызмет үшін, сұйықтық үшін ақша төлейді. Сондай-ақ, бақылау сапасына жауап береді. Fokker-100 ұшақтары үшін бұл қызмет 250-300 мыңдай тұрады. Ал сұйықтық үшін қателеспесем литріне 2-3 мың теңгедей төлейді», - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ұшқыштардың келіссөздерінің жазбасына сілтеме жасай отырып, тергеудің негізгі нұсқасын айтқан болатын. Оның айтуынша, Фоккердің апатқа ұшырауы ұшақтың мұздауы салдарынан болуы мүмкін.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Қаңтар, 2020 21:04
Талқылау